Үлкен Сабасалды – Торғай алабындағы өзен.

Географиялық орны Қостанай облысы Амангелді ауданы жерімен ағады. Жақсысаба бастауынан есептегенде ұзындығы 69 км. Су жиналатын алабы 1280 км2.

Бастауы Сарыарқаның батысындағы Қайыңдышоқының оңтүстігінен басталып, Жаңақала ауылының солтүстігінде Қараторғай өзеніне құяды.

Гидрологиясы Аңғары кең, тек Талайрық сағасынан төмендегенде 50 — 300 м-ге тарылады. Жауын-шашын (80 — 90%), жер асты (10 — 20%) суымен толығады. Жазда қарасуларға бөлінеді. Орташа көп жылдық су ағымы 0,55 м3/с. Лайлылығы 200 — 400 г/м3. Мал суарылады.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том

Дереккөздер

Санат:Амангелді ауданы өзендері Санат:Торғай су алабы