Карса́вина Тама́ра Плато́новна (1885 ж. 10 наурыз, Санкт-Петербург, Ресей империясы — 1978 ж. 26 мамыр, Лондон, Ұлыбритания) — орыс балеринасы.Большая советская энциклопедия. Гл. ред. А. М. Прохоров, 3-е изд. Т. 11. Италия — Кваркуш. 1973. 608 стр., илл.; 39 л. илл. и карт. 1 карта-вкл. Марииндік театрда жеке өнер көрсеткен, Дягилевтің орыс балетінің қатарына кірген жəне Вацлав Нижинскиймен бірге жиі өнер көрсететін. Революциядан кейін Ұлыбританияда тұрып, жұмыс істеген. О личности Л. П. Карсавина. К 125-летнему юбилею Тарихшы жəне философ Л. П. Карсавиннің қарындасы.
Өмірбаяны Балерина 1885 жылдың 10 наурызында Санкт-Петербургтағы императорлық труппаның бишісі Платон Карсавин мен оның əйелі атақты славянофил А. С. Хомяковтың інісінің қызы Анна Иосифовнаның отбасында дүниеге келген. Ағасы — Лев Карсавин, орыс философы.
1902 жылы Императорлық театр училищесін аяқтаған, бұл жерде балет өнерінің негіздерін Павл Герд, Александр Горский мен Энрико Чекетти секілді ұстаздардан үйреніп, кейінірек Марииндік театр труппасына қосылды. Карсавина прима-балеринаның атағына тез жетіп, классикалық репертуардағы балеттерде басты партияларды орындайды. Бұл репертуарға «Жизель», «Ұйқыдағы ару» (), «Жаңғақ шаққыш» (), «Аққулар көлі» (), «Карнавал» жəне тағы басқа балеттер кірді. 1909 жылдан бастап Сергей Дягилевтің шақыруымен Карсавина ол ұйымдастырған Ресей балет əртістерінің Еуропаға гастрольдік сапарларында, ал кейінірек Дягилевтің орыс балетінде өнер көрсетіп жүрді. Дягилевпен жұмыс істеу кезіндегі балеринаның ең атақты еңбектеріне «Жалын құсы» (), «Раушан елесі» (), «Сайқымазақ» (Михаил Фокиннің қойылымы), «Үшбұрыш» (), «Əйелдердің қисынсыз əрекеттері» () (Леонид Мясиннің қойылымы) жатады.
«1914» атты пантомима-қойылымында Бельгияның рөлін ойнайды. Бұл қойылым Марииндік театрда, 1915 ж. 6 қаңтарында алғаш көрсетілді, қойылым авторы жəне режиссеры - С. М. Волконский. Бұл қойылым Бірінші дүниежүзілік соғыс басталғанда өз жұмысын тоқтатуға мəжбүр болған Ритмдік гимнастика курстарының «түлеп ұшу кеші» болды.
1917 жылы Карсавина британдық дипломат Генри Брюсқа тұрмысқа шығып, 1918 жылы онымен бірге Лондонға көшіп кетеді. Көшіп жүргенінде де Тамара Дягилевтің орыс балетімен бірге гастрольдік іссапарларын тоқтатпай, ұстаздықпен де айналысты. Сонымен қатар, 1920-жылдардың басында балерина Ұлыбритания мен Германияда түсірілген бірнеше мылқау фильмдердегі эпизодтарда ойнайды. Олардың ішінде Лени Рифеншталь ойнаған «Сұлулыққа бастар жол» ()(1925) фильмі де бар. 1930—1955 жылдары Карсавина Патшалық би академиясының вице-президенті болып жұмыс істеді.
Тамара Карсавина 1978 жылдың 26 мамырында Лондон қаласында дүниеден өтті.
Дереккөздер
Әдебиеттер Уколова Юлия Викторовна искусство Тамары Карсавиной в английский период её творчества // Вестник Академии русского балета им. А. Я. Вагановой 2006, ISSN 1681-8962, № 15, с.88-111 Уколова Юлия Викторовна Педагогическая деятельность Тамары Карсавиной в контексте развития английского балетного театра // Вестник Академии русского балета им. А. Я. Вагановой 2001, ISSN 1681-8962, № 9, с. 151—157
Санат:Санкт-Петербургте туғандар Санат:Лондонда қайтыс болғандар Санат:Алфавит бойынша балет әртістері Санат:Ресей балет әртістері Санат:Тұлғалар