Дала қылшасы – көп жылдық бұталы өсмдік. Ол шөл, шөлейт аймақтарда, құмда және тастақты беткейлерде өседі. Оның құрамында эфедрин деп аталатын алколоид бар. Өсімдік гүлдеп, тұқымы пісе бастаған кезде улы болады. Оны жайшылықта қай мал түлігі болса да өз бетімен жемейді. Бірақ оны уақ мал, әсіресе қозы – лақтар әуес көріп, жеп қояды да,уланып қалады. Бұл жағдай мал дәрігерлігі практикасында кездеседі. Ал ірі малдың және сақа қойлардың онымен улануы өте сирек кездесетін құбылыс. Осы деректерді жаз айларында қозы – лақ бағатын шопандар естерінен шығармаулары керек.

Дереккөздер

http://densaulyk7.delo.ws/emdik-өsimdikter/ http://45minutkz.blogspot.nl/2013/09/blog-post.html http://studopedia.net/11_99674_paporotniko-vidnie--POLYPODIOPHYTA.html http://u-s.kz/publ/8647-adyraspanny-sp-nu-tabiatta-taraluy.html

Санат:Қылшалар