Мирное — Қарағанды облысы Осакаров ауданындағы ауыл, Мирный ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Осакаровка кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 48 км-дей жерде.

Тарихы Іргесі 1973 жылы қаланған. Жерінің жалпы ауданы - 7,9 мың га.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен952634 462 72,9 319 239 74,9 315 223 70,8

Инфрақұрылымы Орта мектеп, мәдениет үйі, кітапхана, ауылдық-дөрігерлік амбулатория жұмыс істейді. Округтің аумағында ТОО-1,27 шаруа қожалықтары бар (2006). Ауыл басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы қатынасады. Қарағанды-Павлодар автомобиль трассасынан 4 км жерде орналасқан. Ең жақын орналасқан Шоқай темір жол стансасы ауылдан батысқа қарай 25 км-дей жерде.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Осакаров ауданы елді мекендері