Қарабалық - Орта жүз Қыпшақ тайпасының Қарақыпшақ тармағынан тарайтын ру, бес таңбалы қыпшақтың бірі. Қарабалықтан: Қарсақ, Қарта, Ұста қыпшақ (Жантілес), Қарағыз (Шуманақ), Танабұға ұрпақтары тарайды.
Қазан революциясына дейін Қазақстанның солтүстігіндегі Үй, Тоғызақ өзендерінің бойындағы алқаптарды, қазіргі Қостанай облысы, Қарабалық, Федоров, Ұзынкөл аудандарының жерлерін мекендеген. Негізінен мал шаруашылығымен айналысқан. Өзен бойындағы топтар аздап егін салып, балық аулауды кәсіп еткенҚазақ Совет Энциклопедиясы, бас редакторы М.Қ.Қаратаев, Алматы, 1972 ж. 1-том.
Y-ДНК анализі Y-ДНК гаплогруппасы R1b1a1 (N=2) http://forum-eurasica.ru/index.php?/topic/4383-kazakhskij-dnk-proekt/page-43 Тұлғалар Елдес Омарұлы Тиесов Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин Серке Қожамқұлов Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков Серік Рыскелдіұлы Жақсыбеков Дәурен Әділбекұлы Жақсыбек Өске Торқаұлы
Дереккөздер
Санат:Қазақ рулары