«Шрек» () — 2001 жылы алғашқы бөлігі шыққан Dreamworks Pictures киностудиясы шығарған толық метражды анимационды фильм. Фильмге режиссерлік еткен Эндрю Адамсон мен Вики Дженсон болатын. Фильмге арқау болған Уильям Стейгтың «Шрек» атты кітабы.
«Шрек» фильмі әзірге 4 бөлімнен тұрады. Бұл толық метражды мультфильм үздік анимационды фильм номинациясында «Оскар» сыйлығын алған тарихтағы ең бірінші фильм. Онымен қоса BAFTA, Annie Awards (8 номинацияда) және өзге де кинематографиялық жүлделермен марапатталған.
Фильмде еуропаға белгілі ертегі кейіпкерлері, дәстүрлі оқиға желістері бір арнаға тоғысып, өзіндік ерекшеліктерге ие болған. Ерекше әсер әртүрлі оқиғалардың тоғысуымен қатар, ертергі кейіпкерлерінің ертегіні өздері оқып көрерменді қызықтыруынан туындайды. Бір қызығы кейіпкерлер Орта ғасырларда өмір сүрсе де сөйлеу мәнерлері қазіргі заманның адамдарын еске түсіреді. Олардың әртүрлі оқиғаларды талқылауы, пікір білдіруі еріксіз езуге күлкі ұялатпай қоймайды.
Рөлдерде
Майк Майерс — Шрек Эдди Мерфи — Есек Кэмерон Диас — Ханшайым Фиона Джон Литгоу — Лорд Фаркуард Винсент Кассель — Робин Гуд
Дереккөздер
Сілтемелер
Санат:2001 жылғы мультфильмдер Санат:Шрек Санат:АҚШ мультфильмдері Санат:Үздік анимациялық фильм үшін Оскар сыйлығының иегерлері