Жүсіпов Бейбіт Ғазизұлы (1948 жылы туған) — заңгер, әділет кеңесшісі. Свердлов заң институтын (1988), Алматы Жоғары Партия мектебін (1989) бітірген. Еңбек жолы 1970 жылы — Целиноград облысы, Алексеевка аудандық прокуратурасында тергеуші, 1971 жылы — аға тергеуші, 1974 жылы — Целиноград облыстық прокуратурасының тергеу бөлімі бастығы, 1976 жылы — Қазақстан Компартиясы Целиноград қалалық комитетінің өнеркәсіптік бөлімінде нұсқаушы, 1977 жылы — Қазақстан Компартиясы Целиноград облыстық комитетінің әкімшілік және қаржы-жоспарлау органдары бөлімінде нұсқаушы, 1981 жылы — Тың көлік прокурорының орынбасары, 1982 жылы — Қазақстан Компартиясы Целиноград облыстық комитетінің әкімшілік органдары бөлімінің меңгерушісі, 1988 жылы — мемлекеттік құқықтық бөлімінің меңгерушісі, 1990 жылы — Целиноград облыстық Халық депутаттар кеңесінің төрағасының орынбасары, 1992 жылы — Целиноград облыстық әкімшілігі басшысының орынбасары, 1995 жылы — Целиноград облысының әкімінің орынбасары, 1998 жылы — Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Сенаттың Заң шығару және сот- құқықтық реформасы жөніндегі комитетінің мүшесі, 1999 жылы — Сенаттың Халықаралық істер, қорғаныс джәне қауіпсіздік жөніндегі комитетінің мүшесі, 2001 жылы — Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитетінің мүшесі, 2002 жылы — Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Апаараты жетекшісінің орынбасары, 2004 жылы — Қазақстан Республикасы Жоғары соты Аппаратының жетекшісі, 2007 жылдан — Қызылорда облысының әкімінің бірінші орынбасары.

Қазақстан Республикасы ордені және КСРО орденімен марапатталғанАстана энциклопедиясы, Алматы, Атамұра 2008.

Дереккөздер

Санат:1948 жылы туғандар Санат:Қазақстан заңгерлері