Ағашқұдық қорымы — 19-20 ғасырлардағы археологиялық ескерткіші.
Бейнеу стансасынан солтүстік-шығыс жағынна қарай 76 шақырым қашықтықта. Көшпелілердің мәдени мұра мәселелері бойынша ҚазҒЗИ экспедициясы (2007 ж.) зерттеген. Қорым шағын дөң үстінде орналасқан 72 нысанды қамтиды. Олардың ішінде 2 сағанатам, әртүрлі тас қоршау, тас үйігі, бірнеше сазды төмпешік пен шағын құлпытас, сынастар бар. Қорымның солтүстік-шығысқа қарай 1 оба тұр.
Обаның оңтүстік-батысында сағанатам орналасқан. Ол іргетассыз 1 баспалдақты цокольге тұрғызылған. Пішіні төрт бұрышты 4,83×3,81 м есік қуысы бар еске алу орны саналатын қоршау. Қабырғалары дәстүрлі түрде тұрғызылған: іші-сырты қаптама жалпақ тастар анкерлік белдеулермен алмасып тұрады. Олалдың арасы саз балшықпен қаланып, шойтаспен толтырылған. Қабырға құрылымын жабын сом тас қаландысының белдеуі аяқтайды. Қабырғаға жан-жануарлар бейнелері салынған.
Сағанатам Сағанатам қабырғасы бұзылғандықтан, үлкен тастан қаланған құрылыс қабырғасында жарық қуыстар байқалады. Оларда анкерлік белдеу толқыны тәрізденіп көрінеді.Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени ескерткіштерінің жинағы, Маңғыстау облысы, аст Прайм баспасы, 2012Көшпелілердің мәдени мұра мәселелері бойынша "ҚазҒЗИ" экспедициясының 2007 ж. материалдары.
Дереккөздер
Санат:Маңғыстау облысы археологиялық ескерткіштері