«Қыран көлеңкесіндегі жылан» () — жекпе-жек өнерінің элементтері қолданылған 1978 жылғы гонконгтық фильм. Режиссері Юнь Вопхин (Юань Хэпинмен бірге). Бұл фильм режиссердің тұңғыш жасаған туындысы.
Сюжеті Қытай Цин династиясының дәуірінде. Жетім әрі кедей Кань Фук (Цзянь Фу) кездейсоқ куң-фу шебері Пак Чёнтхинюды (Бай Чжантяню) құтқарып қалады. Пак Чентхиню Жылан Жұдырығы мектебінің ең соңғы тірі қалған өкілі болатын. Жылан Жұдырығын жауыз Қыран Тырнағы қауымдастығы жойып жіберген. Кеңжүректі шебер бозбаланы шәкірт етіп алып, өзінің ұрыс стилін үйретті. Ал шәкіртінің таланттылығы соншалық, ұстазының ұрыс тәсілдерін жинақтап, өзінің жеке стилін ойлап табады. Себебі Жылан Жұдырығын пайдаланған Цзян Фу стилдің көп жағдайда, Қыран Тырнағынан қалыс қалатынын байқайды. Ойлап табылған жаңа стиль Цзян Фуге ұстазы мен өзінің өмірін сақтап қалуға көмектеседі. Сілтемелер
Hong Kong Cinemagic