Сарыбұлақ – Лепсі алабындағы өзен.
Географиялық орны Жетісу облысы Сарқан, Ақсу аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 172 км, су жиналатын алабы 1880 км2.
Бастауы Аралқұм құмды алқабындағы Алтыбай көлінен басталып, Лепсі темір жол стансасына 40 км-дей жетпей Лепсі өзеніне құяды.
Гидрологиясы Жағасы жайпақ, жайылмасы кең. Көлге құятын Басқан өзенінің суымен толығады. Жазда иірім қарасуларға бөлініп қалады. Алабы — жайылым.Қазақ энциклопедиясы, 7 том
Дереккөздер
Санат:Ақсу ауданы өзендері Санат:Сарқан ауданы өзендері Санат:Балқаш су алабы