thumb|left|110px
thumb|right|400px І, і — кириллицаға негізделген әліпби әрпі.
Жіңішке, қысаң, езулік дауысты дыбысты белгілейді. Сөздің барлық буынында жазылады. Бірінші буында еріндік дауысты кездессе, екінші буында «і» жазылғанымен, айтылуда «ү» дыбысталады. Мысалы, жазылуы - түлік, үкі; айтылуы - түлүк, үкү.
Сондай-ақ, сөз басындағы «р», «л» сонаттардың алдында жазылмағанмен, айтылуда олардың алдында «і» ілесіп айтылады. Мысалы, жазылуы - рет, лен; айтылуы - ірет, ілен.
Дауысты «і»-ге біткен сөзге «у» қосымшасы жалғанса, соңғы езулік «і» еріндік «ү» боп естіледі (кілкі+у - кілкүу; жазылуы - кілку)Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 5 томКеңесбаев І., Мұсабаев Ғ., Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика, А., 1962.
Кодтар кестесі Код Регистр Ондық код 16-лық код 8-дік код Екілік код Юникод Бас 1030 0406 002006 00000100 00000110 Кіші 1110 0456 002126 00000100 01010110 ISO 8859-5 Бас 166 A6 246 10100110 Кіші 246 F6 366 11110110 KOI 8 Бас 182 B6 266 10110110 Кіші 166 A6 246 10100110 Windows 1251 Бас 178 B2 262 10110010 Кіші 179 B3 263 10110011
HTML жүйесінде бас әріп «І»-ні І немесе І, ал кіші «і» әріпін - і немесе і деп белгілейді.
Басқа тілдер Орыс тілі Бұрын орыс тілінде 1918 жылындағы реформасында болды. Мысалы: (исторія, русскій, Іерусалимъ).
Белорус тілі I — белорус алфавитінің 10 әріпі. Жазу мен айтуда ол И әріпімен толығымен сәйкес келеді: сонымен қатар [и] дыбысын білдіреді, сонымен қатар алдыңғы дауыссыз дыбыстарды жұмсартады.
Украин тілі І — украин әріпінің 12 әріпі. Украин тілінде І әріпі, И әріп сияқты дыбыстайды және алдыңғы дауыссыз дыбыстарды жұмсартады. Мысалы: (білий, бігати, біс, кіт, від, піч, стій, шість).
Дереккөздер
Санат:Кириллица Санат:Қазақ тілі