Сайөтес, Сай-Өтес, Өтес, Өтес сайы — Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданындағы ауыл, Сайөтес ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Шетпе ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 125 км жерде, Батыс Жаркемер үстіртінің шетіне таяу орналасқан.

Өтес – Солтүстік Үстірт шатқалының Қайдақ шығанағына қарап жатқан сай басы. Сайда бірнеше тұщы сулы құдық бар. Құдықтың оңтүстік бетіндегі қыр үстіндегі мола да Өтес атымен аталады.

Халқы 1970 1979 1989 1999 2009 20212021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 1318 1376 1762 1918 2272 1883

Тарихы 1964 жылы Мақат-Маңғыстау темір жолының салынуына байланысты Өтес кенті құрылды. Ол біраз жылға дейін Үстірттегі геофизикалық барлаушылардың, құрылысшылардың базалық орталығы болып тұрды.

Қазіргі жағдайы Қазір Сайөтесте мұнай айдау стансасы және темір жол мен автомобиль жолы тасымалдарын жүзеге асыратын кәсіпорындар мен мекемелер жұмыс істейді.«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007Қазақ энциклопедиясы, 7 - том

Әлеуметтік мекемелері Өтес орта мектебі — теміржолшылардың балаларын оқытатын мектеп болып салынып, 1965-1966 оқу жылын 120 оқушы 3 мұғаліммен бастады. 1978 жылы 8 жылдық орталау, 1989 жылдан бастап орта мектеп дәрежесіне көтерілді.Өтес мектебінің тарихы «Балдәурен» балабақшасы «Жауқазын» балабақшасы

Тағы қараңыз Сай-Өтес эксперименті

Дереккөздер

Санат:Маңғыстау ауданы елді мекендері Санат:Қазақстан темір жол бекеттері Санат:Қазақстанның бұрынғы кенттері