Қуағаш – Қарғалы алабындағы өзен.
Географиялық орны Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 40 км.
Бастауы Бастауын Жосалы ауылынан жоғарыдағы сайдан алып, Тассай ауылынан төменде Қарғалы өзеніне оң жағынан құяды.
Гидрологиясы Арнасының басым бөлігі сайлы-жыралы жермен өтеді. Жағалауы орта ағысында жарқабақты келген. Жалпы ұзындығы 55 км болатын 8 саласы бар. Алабының жартысынан астамы егістікке жыртылған. Жағалау бойында бірнеше ірі елді мекендер (Бадамша кенті, Жосалы, Кемпірсай ауылдары), қыстаулар орналасқан. Арнасында жыл бойы су болады. Суы тұщы, ауыз су және шаруашылыққа жарамды. Алабында шабындық жерлер көп.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Қарғалы ауданы өзендері Санат:Жайық су алабы өңірі