Төлеген Әнуарбекұлы Үмбетбаев (8 шілде 1948, Ленинград қаласы - 21 шілде 2006, Алматы қаласы), генерал-майор (1993). КСРО мемлекеттік қауіпсіздік комитеті Ф.Э.Дзержинский атындағы Алматы жоғары шекара училищесін (КСРО Министрлік кеңесі жанындағы мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің жоғары командалық училищесін (1970ж), М.В.Фрунзе атындағы Әскери академияны (1979 ж) , РФ ҚК Бас штабы Әскери штабын бітірген (1992 ж). Еңбек жолы КСРО мемлекеттік қауіпсіздік комитеті Қызыл Тулы Шығыс шекаралық округының шекара отрядының ақпарат бойынша офицері (1970-72 жылдар); КСРО мемлекеттік қауіпсіздік комитеті Алматы жоғарғы шекара училищесінің курс офицері (1972-76 жылдар) ; М.В.Фрунзе атындағы Әскери академиясының тыңдаушысы (1976-79 жылдар); Қызыл Тулы Шығыс шекаралық округы барлау бөлімінің офицері, штаб аға офицері, штаб бастығы, 130 шекара отрядының командирі (1979-84 жылдар), округтық бөлім бастығының орынбасары (1984-90 жылдар), РФ ҚК Бас штабы әскери академиясының тыңдаушысы (1990-92 жылдар); Қызыл Тулы Шыңыс шекаралық округы әскерлері қолбасшысының орынбасары - әскерлерді даярлау бөлімінің бастығы (1992 жыл); ҚР Шекара әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары - штаб бастығы (1992-93 жылдар); ҚР республика Ұланның қолбасшысы (1993-95 жылдар); ҚР Мемлекеттік шекараны қорғау бойынша мемлекеттік комитетінің төрағасының бірінші орынбасары - штаб бастығы (1995-96 жылдар); ҚР Шекара әскерлерінің РФ Шұғыл әрекетті тобының бастығы (1996-98 жылдар); ҚР-ның РФ-дағы елшілігінің әскери атташесі (1998-2003 жылдар).
Марапаттары ҚР-ның құрметті шекарашысы, Қызыл жұлдыз, 3-ші дәрежелі "КСРО Қарулы Күштерінде Отанға қызмет еткені үшін" ордендері, медальдармен марапатталғанАйбын энциклопедиясы, Алматы, 2011.
Дереккөздер
Санат:1948 жылы туғандар Санат:8 шілдеде қайтыс болғандар Санат:Санкт-Петербургте туғандар Санат:2006 жылы қайтыс болғандар Санат:21 шілдеде қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:КСРО генералдары