Тұңғыс-Мәнжүр Тілдері – ежелден Шығыс Сібір мен Қиыр Шығысты мекендеген халықтар тілі.

Бұл тілдер тобына Еуен: эвенкі тілі, эвен тілі, негидаль, орокен, кили Удэгей: удэгей, ороч†, Нанай: нанай, ульч, орок, Шүршіттік: шүршіт, мәнжүр мен оның сибе диалектісі, қытай кьякала†, бала†?, алчука† тілдері жатады.

Тұңғыс-мәнжүр тілдерінің кейбірі орыс, бурят, саха тілдерінің әсеріне ұшыраған. Мәнжүрлер 16-ғасырдың аяқ кезінде моңғол жазуын қолданса, эвенкі, эвен, нанай, удэгейлердің жазуы 20 ғасырдың 20-жылдарының аяғына қарай латын әліпбиіне негізделген. 1936 жылы олар орыс әліпбиін қабылдаған.

Дереккөздер

Санат:Тұңғыс-маньчжур тілдері