Аққала — Түркістан облысы Арыс қалалық әкімдігіне қарасты Жиделі ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Географиялық орны Арыс қаласынан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 69 км-дей жерде.
Тарихы Аққала елді мекенінің құрылысы 1985 жылдан басталып, құрылысшылардың құрметіне «Құрылысшылар поселкесі» деп аталған. 1989 жылы Шымкент облыстық атқару комитетінің қаулысына сәйкес, Арыс қаласына қарасты «Аққала» жеміс-жидек кеңшары болып қайта құрылған. Арыс алқабындағы елді мекендер мен жер-су атауларына байланысты ел аузында біраз деректер сақталған. Мәселен, қариялардың айтуына қарағанда, көл маңында Аққала деген қала болған. Аққала елді мекенінің жанында Ешкілі көлі бар. Ауыл тұрғындарының ұсынысымен ауыл ел егемендігін алғаннан кейін Аққала деп аталды.«Қазіргі заманғы географиялық атауларының сөздігі»
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен802888 869 97,9 453 434 95,8 435 435 100
Дереккөздер
Санат:Арыс қалалық әкімдігі елді мекендері