Трешневский Станислав БолеславовичҚазақ Энциклопедиясы (1937 жылы туған, Ақ-көл ауданы Ерофеевка ауылы) – ауыл шаруашылығының қызметкері. Атбасар ауыл шаруашылық техникумын бітірген (1958). Урюпин кеңшарында механизатор, бөлім механигі (1958 – 59), Кеңес Армиясында (1959 – 61), кеңшарда механизаторлар даярлайтын курстың меңгерушісі, ауыл шаруашылығында инженер-механик (1961 – 69), кеңшардың Ерофеев бөлімшесінде басқарма (1969 – 71) қызметтерін атқарған. 1971 жылдан Урюпинка аудандық кеңесінің төрағасы, ауылдық әкімш. басшысы, ауылдық округтің әкімі. Ардагерлер ұйымының төрағасы (2003).
Дереккөздер