Теңіз шағаласы () — Татреңтәрізділер отрядының Шағалалар тұқымдасына жататын Шағалалар туысының ірі денелі (2,3 кг, қанатының алымы - 106 см шамасында) шағалалардың біреуі. Теңіз шағаласының жоны – қара, бауыры – ақ, боз шағала тәрізді қанатының үстіңгі беті – қара. Қанатының ұшында ақ теңбілдерден өзіне тән бедер бар. Атлант мұхитының солтүстік жағалауларында қоныстанады. Солтүстік Каспий маңына бірнеше рет ұшып келіп енгені мәлім, сондай-ақ Қазақстан шекарасына жақын Ресей аймақтарында кездескенҚұстар. Мектеп энциклопедиясы, 2010, Ковшарь Анатолий Федорович, ISBN 978-601-282-168-0, 352 бет, Алматы: Атамұра.

Дереккөздер

Санат:Шағалалар