Үшкіржеміс жидесі () – Жиде тұқымдасына жататын ағаштың бір түрі. Бұта түрлері де бар. Шығыс Қазақстанда жиде орманды жерлерден басқа барлық жерлерде өседі.

Үшкіржеміс жидесі – жапырақ тастайтын ағаш, ұзындығы 3-15 м жетеді, қызғылт-қоңыр қабықты және бұталары тікенді тырбия жайылған. Күміс түсті ұзынша кезек орналасқан жапырақтарының ұзындығы 4,5 см, ені 1,5 см болады. Гүлі қос жынысты, ұсақ, хошиісті, жапырақ бауырына 1-3 жерден орналасады. Жемісі сүйекті жұмыртқатәріздес, шамамен ұзындығы 1 см, сарғыш не қызғылт, ұн тәріздес ұнтақты. Тау бауырында, тегіс далада, құмды далада, көл мен өзендердің арасындағы тоғайда өседі. Жиде әсемдік өсімдіктер қатарына жатады. Жида мамыр-маусымда гүлдейді, жемісі тамыз-қыркүйекте піседі. Жиденің жемісі өте шірнелі. Үшкіржеміс жиде тұқымынан, тамыр өскінінен немесе тамыртүбінен көбейеді. Жемісі – жалған сүйек, сырты ұнтақты жұмсақ қабықпен жабылған, түсі қызғылттау, бірақ қоңыр қабыршақпен жабылғаннан кейін күлгін көрінеді. Оны жеуге болады. Ресурстық пайдасы: топырақты бекітуге, құм көшкінін тоқтатуға, ағаш алуға, тамаққа, дәрілікке пайдалануға және шырынын алуға болады"Күншығыс" энциклопедиясы.

Синонимдар

nom. illeg.

nom. illeg.

Дереккөздер

Санат:Жиделер