Коккалар (гр. Kokkos - дəн) — дөңгелек пішінді бактериялар.

Олар бөлінгеннен кейінгі клетка орналасуына байланысты өз ішінде топқа бөлінеді.

•Микрококкалар— Micrococcus –коктар бір жазықтықта бөлінеді жəне бөлінгеннен соң клеткалар шашырап орналасады.

•Диплококкалар– Diplococcus (гр. Diplos - екі жақты) – бір жазықтықта бөлінетін коктар жəне бөлінген соң олардың клеткасы жұптап орналасады.

•Стрептококкалар — Streptococcus (гр.Streptos - тізбек) – бір жазықтықта бөлінген соң, клетка арасында байланыс қалады жəне тізбек тəрізді орналасады.

•Тетракоккалар - Tetracoccus (гр. Tetra-төрт) перпендикулярлы екі жазықтықта бөлінген соң тетрада түзеді, яғни төрттен орналасады.

•Сарцина– Sarcina(лат. Sarcio-біріктіремін) – 3 перпендикулярлы жазықтықта бөлініп болған соң 8, 16, 32, 64 клеткадан пакет тəрізді орналасады.

•Стафилококкалар— Staphylococcus (гр. Staphyle - жүзім шоғыры) – реттсіз бағыттарда бөлінгеннен кейін клеткалар жүзім шоғыры тəрізді орналасады.

http://martebe.kz/bakteria_talshigi/