Сахалин — Азияның шығыс жағалауында орналасқан арал. Ресейдің Сахалин облысы құрамына кіреді. Осы елдегі ең үлкен арал. Охота және Жапон теңіздерімен шектеседі. Құрлықтық Азиядан Татар бұғазы арқылы бөлінген (ең қуыс жері — Невельский бұғазында — ені 7,3 км-ге тең және қыста қатады); жапониялық Хоккайдо аралынан — Лаперуз бұғазы арқылы бөлінген.

Географиясы Климаты Сахалиннің климаты — қоңыржай-муссонды (қаңтардағы орташа температура оңтүстігінде −6ºС-дан солтүстігінде −24ºС-ке дейін, тамызда — сәйкесінше +19ºС-дан +10ºС-ға дейін), ұзақ салқын қарлы қысы және орташа жылы жазы бар теңіз климаты. Аралдағы орташа жылдық температура (көп жылғы мәліметтер бойынша) солтүстігінде шамамен −1,5ºС, ал оңтүстігінде — +2,2ºС.

Халқы Сахалин — Ресей Федерациясы құрамындағы халқы жөнінен ең ірі арал. 2010 жылдың 1 қаңтарына сәйкес Сахалин мен Курил аралдарындағы халық саны 510,9 мың адамды құрадыЧисленность населения Сахалина и Курил составляет 510,9 тыс. человек. 03.02.2010., Сахалин аралының өз халқы 493 мың адам болды. thumb|240x240px|Южно-Сахалинск қаласы 2002 жылғы жалпыресейлік санақтың нәтижесі бойынша аралды 527 268 адам мекендейді, оның ішінде 253 304 ер және 273 964 әйел адам. Халықтың 84 %-і — этникалық орыстар, қалғандары — корейлер (5,6 %), украиндар (4,0 %), татарлар (1,2 %), белорустар (1,0 %), мордвалар (0,5 %), 1 %-тен аз бөлігін Солтүстіктің байырғы тұрғындары — нивхтар (0,5 %) мен ороктар (0,06 %) құрайды.

Сахалиннің ең ірі қаласы — облыс орталығы Южно-Сахалинск (190 227 адам), қалған салыстырмалы түрде үлкен қалалары — Корсаков (33 148 адам), Холмск (29 563 адам), Оха (21 830 адам), Поронайск (15 476 адам), Долинск (11 885 адам), Невельск (10 965 адам)Численность населения Российской Федерации по муниципальным образованиям, 1 қаңтар 2013 ж. — М.: Федеральная служба государственной статистики Росстат, 2013. — 528 с. (Табл. 33. .

Сахалин көркем әдебиетте Антон Чехов «Остров Сахалин» В. С. Пикуль «Каторга»

Дереккөздер

Сілтемелер Photos of Sakhalin @ Flickr Photos of Sakhalin @ Panoramio.com Сахалин в книге: Н. А. Гвоздецкий, Н. И. Михайлов. Физическая география СССР. М., 1978.

Санат:Сахалин Санат:Жапон теңізі аралдары Санат:Охота теңізі аралдары Санат:Сахалин облысы аралдары