Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі — 2022 жылға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі құрамына енген орталық атқарушы органы. 2022 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі екіге бөлініп, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі және Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі құрылды. Бұл туралы №917 Жарлыққа қол қойылды.https://egemen.kz/article/315055-qr-bilim-dgane-ghylym-ministrligi-ekige-bolindi

Министрлік Қазақстан Республикасы аумағындағы білім және ғылым салаларына басшылықты және заңнамада көзделген шекте білім, ғылым, балаларды қорғау және жастар саясаты салаларында салааралық үйлестіруді жүзеге асырады. Министрліктің негізгі міндеттері білім, ғылым және ғылыми-техникалық қызмет, сондай-ақ мемлекеттік жастар саясаты саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру, білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, ғылыми зерттеулер ұйымдастыруды жетілдіру және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.

Тарихы Қазақстан Республикасы 1999 жылы 13 қазандағы Жарлығымен"Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының құрылымын жетілдіру және олардың құзіретін нақтылау жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 1999 ж. 13 қазандағы № 235 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 1999, № 49, 462-бап). ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігінің қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде құрылды1999-2000 жж. кезеңдегі мемлекеттік органдар туралы мәліметтер: қараңыз-Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (1991 ж. 16 желтоқсан - 2001 ж. 1 қаңтар). Анықтамалық. ҚР ПМ. - Алматы: БҮ "Эдельвейс", 2004. 536-537 б. (Құрастырушылардың ескертпелері).

ҚР Үкіметінің 2001 жылы 16 қаңтардағы қаулысымен"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комиссиясы қайта ұйымдастыру туралы" ҚР Үкіметінің 2001 ж. 16 қаңтардағы № 61 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2001, № 1-2, 16-бап). ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комиссиясы мемлекеттік орган болып табылатын ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комитеті мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды. Осыған сәйкес министрлік туралы ережеге оның Жоғары аттестациялық комитеті — ведомствосы бар екендігін көрсететін толықтыру енгізілді.

ҚР Президентінің 2004 жылы 29 қыркүйектегі Жарлығымен"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 36, 474-бап) министрлік оған ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Аэроғарыш комитетін қосу жолымен қайта ұйымдастырылды. Комитетке сонымен қатар қайта ұйымдастырылған ҚР Мәдениет министрлігінің мемлекеттік жастар саясаты саласындағы функциялары берілді. Өз кезегінде, министрліктің инновацияларды дамытуды үйлестіру, қолданбалы ғылыми зерттеулерді, инновациялық кәсіпкерлікті жүргізу, қолданбалы ғылыми-техникалық бағдарламаларды қалыптастыру саласындағы функциялары ҚР Индустрия және сауда министрлігіне берілді.

ҚР Үкіметінің 2004 жылы 28 қазандағы қаулысымен"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы № 1111 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 40, 522-бап). министрлік туралы ереже бекітілді. Министрліктің Жоғары аттестациялық комитеті министрліктің Білім және ғылым саласында қадағалау және аттестациялау жөніндегі комитеті болып қайта құрылды, оған министрліктің бақылау-қадағалау және реттеу функциялары берілді. ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Аэроғарыш комитеті ҚР Білім және ғылым министрлігінің Аэроғарыш комитеті болып қайта ұйымдастырылды.

Министрлік басшылықты және заңнамада көзделген шектерде өз құзіретіне жатқызылған салада салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ҚР орталық атқару органы болуға табылады. Министрліктің негізгі міндеттері білім, ғылым және ғылыми-техникалық және аэроғарыш, сондай-ақ мемлекеттік жастар саясаты саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру; білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; ғылыми зерттеулердің ұйымдастырылуын жетілдіру және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру; балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғалуын қамтамасыз ету.Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9

Құрылымы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі комитеті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті

Министрлікті басқарғандар № Есімі Басқарған және басқаруын аяқтаған уақыты Суреті 1 Ғалым Әбілсейітов 30 маусым 1992 — 11 қазан 1994 2 Владимир Школьник тамыз 1994 — қазан 1999 220px 3 Қырымбек Көшербаев қазан 1999 — 18 желтоқсан 2000 220px 4 Нұралы Бектұрғанов 18 желтоқсан 2000 — қаңтар 2002 220px 5 Шәмшә Беркімбаева қаңтар 2002 — 14 маусым 2003 6 Жақсыбек Құлекеев 14 маусым 2003 — 14 желтоқсан 2004 7 Бірғаным Әйтімова 14 желтоқсан 2004 — 19 қаңтар 2007 220px 8 Жансейіт Түймебаев 19 қаңтар 2007 — 22 қыркүйек 2010 220px 9 Бақытжан Жұмағұлов 22 қыркүйек 2010 — 2 қыркүйек 2013 220px 10 Аслан Сәрінжіпов 2 қыркүйек 2013 — 10 ақпан 2016 11 Ерлан Сағадиев 10 ақпан 2016 — 2019 12 Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова 25 ақпан 2019 — 13 маусым 2019 13 Асхат Қанатұлы Аймағамбетов 2019 — 10 маусым 2022220px 14Саясат Нұрбек11 маусым 2022220px

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Министрліктің ресми сайты

Білім және ғылым министрлігі