Кәдімгі сарытұңғиық немесе Дүңгіршек – Тұңғиықтар тұқымдасының Тұңғиық () туысына жататын көпжылдық өсімдік.

Биологиялық сипаттамасы thumb|left|200px| Тамырсабағы жуан (диаметрі 10 см жетеді), жапырағы екі текті болады: астыңғы суасты жіңішке, нәзік, жартылайтұнық, ал үстіңгі жапырақтары үшқырлы, үсті тері тәріздес, ұзындығы 15-30 см, ені 10-25 см. Гүлдері сарғылт, дара, тостағаншасы 5 етжені жапырақтардан тұрады, ішкі жағы сарғыш, гүл жапырақшаларынан ұзын болады. Гүлжапырақшалары ұзынша жіңішке, көп болады; аталық гүлдері және тұқымжапырақшалары да көп болады; Кәдімгі сарытұңғиық гүлінің аналық аузы 8-20 шырпылы. Аталық гүлдері мол болады. Тостағанжапырақтары етжеңді, орала иілген, ішжағы және сыртының үсті сарғыш, асты жасыл; гүл жапырақшаларынан ұзындау болады; гүлжапырақшалары сары түсті, төменгі жағы жіңішкеріп келеді, гүлтостағаншаларынан 2-3 қысқа болады; саны жағынан көп күлте жапырақшалары бос, кейде гүл табанына бойлай орналасады, кейде тіпті онымен кіргіп өседі. Өзен мен көлдерде, су бетінде өсетін өсімдік. Аса әдемі сарытұңғиық баяу аққан судың бетінде де қалқып өсе береді. Бұл өсімдік Қзақстанның қызыл кітабына енгізілген.

Таксономиясы Кәдімгі сарытұңғиыққа ағылшын ботаник Джеймс Эдвард Смит «Florae Grecae Prodromus» атты ғылыми жұмысында алғашқы рет 1809 жылы биологиялық сипаттама берген.

The Plant List тізімі бойынша Кәдімгі сарытұңғиықтың 4 синонимы бар: Nelumbo nucifera subsp. lutea|(Willd.) Borsch & Barthlott Nelumbo nucifera var. lutea|(Willd.) Kuntze Nymphaea lutea|L. Nymphozanthus luteus|Fernald'' Түр тармақтары Nuphar lutea subsp. advena|(Aiton) Kartesz & GandhiNuphar lutea subsp. macrophylla| (Small) E.O. Beal''

Таралуы Еуразияның жазықты аймақтарында кең таралғанКітап:Дикорастущие полезные растения СССР|122—123 беттер

Дереккөздер

Санат:Еуразия флорасы Санат:Тұңғиықтар Санат:Су өсімдіктері