Ву И Фань (кор. 우판, қыт. 吴亦凡; 6 қараша 1990, Гуанчжоу, Қытай), Крис (кор. 크리스) лақап аты арқылы танымал — қытайлық актер және әнші. Кореялық-қытайлық EXO тобының бұрынғы мүшесі.

Жас шағы Туылғанында Ли Цзяхэн (қыт.李嘉恒) және америкалық Кевин Ли аттарына ие болды. Криста канадалық азаматтық бар. Отбасысымен Канадаға жасында көшіп барды. Қытай, кантон, ағылшын, корей тілдерінде еркін сөйлейді. 2005 жылы, 15 жасында, Гуанчжоуға қайта оралып, №7 орта мектебінде оқыды. Ифань баскетбол командасының капитаны болған. Қытайлық жасөспірімдер командасы NBA жарысында 1-ші орын алды. Осыдан кейін ол Ванкуверге қайта оралып, Поинт Грей мен Сир Уинстон Черчилльдің орта мектебінде оқыды. Бұл мектепте де баскетболшылар командасының капитаны болды.

Мансабы EXO 2007 жылы, 16 жасында, Крис Ванкувердегі SM Entertainment-тің тындалымына барды. Осыдан кейін Ифань Оңтүстік Кореяға көшіп, SM-ның тәлімгері болды. EXO-ның құрамына кірмей тұрып, 2011 жылы Girls' Generation-ның турына арналған видеоға түсті.

Крис EXO-ның 11-ші мүшесі ретінде 2012 жылдың 17 ақпанында танылды.

Жеке қызметі 2014 жылдың 24 маусымында Xu Jinglei Weibo-дағы аккаунты арқылы Кристың «Тек біз білетін жер / Somewhere Only We Know» фильмінің актерлық құрамына қосылатындығын жариялады. Фильм Чехиядағы Прага қаласында түсірілді. Фильм кинотеатрларда 2015 жылы 14 ақпан күні көрсетілімін бастады.

2014 жылдың 17 шілдесінде Ифань "Tiny Times 3" фильмінің саундтрегі болған, өзінің тұңғыш "Time Boils the Rain (时间煮雨)" соло әнін шығарды. Ән ресми түрде Weibo-ға енгізілгеннен кейін, 3 сағат 25 минут ішінде 1 млн-нан астам тындалымдарды жинап, барлық рекордтарды жаңартты.

Крис Bazaar журналының қазан айындағы нөмірінде көрсетілді. Фотосессия алғашқы фильмінің түсірілу уақытында Прага қаласында өтті. Берілген сұхбатында ол кино, махаббат пен сән туралы айтады.

2014 жылдың 16 қазанында Huayi Brothers Media Corporation Ифаньнің 老炮儿 (Lao Pao Er) фильмінде әйгілі режиссер Фэн Сяоганмен түсетіндігін растады.Wu Yifan and Li Yifeng movie "Lao Pao Er" begins filming . Tofupost.com. Тексерілген May 11, 2016.

2014 жылдың 6 қарашасында, өзінің 24-ші туған күніне ол "Somewhere Only We Know" фильміне "There Is A Place (有一个地方)" атты саундтректі шығарды. Әнді Ифаньмен бірлесіп SM-ның бұрынғы тағылымгері Сон Биньян жазды.

Ифань Шанхайдағы Мадам Тюссо мұражайында балауыздан істелген фигурасы бар ең жас атақты адам болып саналады. 2014 жылы 1 желтоқсанда Мадам Тюссо мұражайында Крис өз фигурасының жасалғанына арналған іс-шараға келді.

2014 жылдың 31 желтоқсанында Крис Zhejiang TV каналының жаңажылдық концертіне қатысты.

Синглдері 2009 — Lullaby (ft. Kevin Shin) 2014 — Time Boils the Rain (Tiny Times 3 OST) 2014 — There’s A Place (Somewhere only we know OST) 2015 — Bad Girl 2015 — Geenhouse Girl (Mr. Six OST) 2016 — From now on (Sweet Sixteen OST) 2016 — July 2017 — Juice 2017 — 6 2017 — Deserve 2017 — B.M 2018 — Like That 2018 — Tian Di 2018 — Antares 2018 — November rain

Видеолары 2012 - EXO - MAMA (Korean & Chinese); 2012 - EXO - History (Korean & Chinese); 2012 - EXO - What is love (Korean & Chinese); 2013 - EXO - Wolf (Korean & Chinese); 2013 - EXO - GROWL (Korean & Chinese); 2014 - EXO - Overdose (Korean & Chinese); 2014 - There's A Place; 2015 - Time boils the rain; 2015 - Bad Girl; 2016 - July; 2017 - Juice; 2017 - 6; 2017 - Deserve ft. Travis Scott; 2017 - B.M.; 2018 - Like That; 2018 - Tian Di; 2018 - Freedom ft. Jhené Aiko; 2018 - Coupe ft. Rich The Kid; 2018 - Hold Me Down.

Шоулары Happy Camp (2012-2015) 9 маусым 2012 (EXO-M), 21 шілде (EXO), 6 шілде 2013 (EXO), 5 шілде 2014 (EXO), 15 және 21 наурыз 2015; Ток-шоу «Hello» (2013) — №131 эпизод; Running Man (2013) — №171-172 эпизодтары; Let’s Go Dream Team! (2013) — № 214 эпизод; EXO’s First Box (2014) — 4 эпизод; EXO's Showtime (28 қараша 2013 - 13 ақпан 2014); EXO XOXO Hot Moment (9 мамыр 2014 - 30 мамыр 2014).

Аккаунттары Yifan's Instagram Yifan's Weibo

Дереккөздер