Қиғаш ауылдық округі — Атырау облысы, Құрманғазы ауданындағы әкімшілік бірлік.
Әкімшілік құрамы Құрамына Қиғаш ауылы мен Дина Нұрпейісова темір жол айрығы (разъезі) кіреді. Орталығы – Қиғаш ауылы.
Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1111 адамды (588 ер адам және 523 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Сипаттамасы Қиғаш ауылдық округі Құрманғазы ауданының батыс бөлігінде, оңтүстік-шығысында Дыңғызыл ауылдық округімен, оңтүстігінде Қиғаш өзенін сағалап, батысында Ресей федерациясының Астрахан облысы, Красный Яр ауданының Кіші Арал, Байбек селоларымен шекаралас орналасқан.Киелі мекен, қасиетті өлке -Құрманғазы. Ағатай баспасы, Атырау-1920 ж. ISBN 978-601-7861-86-5
Тарихы 1996 жылы 11 желтоқсанда Қиғаш селолық округі ашылып, 1997 жылгы 03 шілдедегі аудан әкімінің шешімімен Ақкөл селолық округіне қосылды. Округ аймағы 2007 жылға дейін Ақкөл ауылдық округінің құрамында болды. 2007 жылдың 15 наурыздағы Құрманғазы аудандық мәслихатының шешімімен 1487 гектар жер жаңадан түзілген Қиғаш ауылдық округіне берілдіҚұрманғазы ауданының әкімшілік-аумақтық бірлігіне өзгерістер енгізу туралы.
Инфрақұрылымы Округ аумағында мекемелер: «Қиғаш» бас су сорғы станциясы, Қиғаш жалпы орта мектебі, «Айгөлек» балабақшасы, Қазақстан теміржолы мекемесі, «Сазды» шекара заставасы, Қиғаш ауылдық клубы, дәрігерлік амбулатория, 7 шаруа қожалығы, 11 жеке кәсіпкер орналасқан.
Округ әкімдері 1996-1997 ж.ж. Құрманбай Жиенбаев, 2007-2009 ж.ж. Құралай Борашқызы Ғилажева, 2009-2013 ж.ж. Айбек Ануарбекұлы Нұрғалиев, 2013-2017 ж.ж. Жігер Махмудұлы Жанқанов, 2017-2018 ж.ж. Айдарбек Фатихоллаұлы Зиноллаев, 2018 жылдың қараша айынан бастап Жігер Махмудұлы Жанқанов
Дереккөздер
Санат:Құрманғазы ауданы ауылдық округтері