Фолкленд түлкісі () — Фолкленд аралдарының жергілікті жалғыз жер жыртқыш сүтқоректісі болған жануар.
Сипаттамасы Фолкленд түлкісінің бойы - 60 см, жүні сарғылт-қоңыр, құлақтары қара, құйрығы ақ ұшы және іші ашықтау түсті болған. Бас сүйегі кең, құлақтары кішкентай, ит сияқты ұлиды. Фолкленд түлкісі жерде өмір сүретін құстармен, жәндіктермен, құрттармен және де өсімдіктермен қоректенген.
Тарихы 1692 жылы осы түрді Джон Стронг, ағылшын капитаны, ашқан. Фолкленд түлкісінің жүні өте құнды болған. Сол себептен Фолкленд түлкісін браконьерлер өлтірілген. 1876 жылы соңғы Фолкленд түлкісі Батыс Фолклендте өлтірілген. Грек тілінен аударғанда Фолкленд түлкісінің ғылыми аты Dusicyon "ақымақ ит" деп аударылады. Фолкленд түлкісінің ең жақын туысы оңтүстік-американдық түлкі болған. Сонымен қатар Фолкленд түлкісі және койоттың кескіндерінің арасында ұқсастықтар болған. Ғалымдардың ойынша, Фолкленд түлкісінің ежелгі түрі канид және койоттың гибриді болған.
Дереккөздер
Санат:Иттер тұқымдасы