Владимир Захарович Луганский (1930, Көкшетау ауданы (қазіргі Зеренді ауданы), Алексеевка ауылы) – теміржолшы. Қазақстанның еңбек сіңірген теміржолшысы, Көкшетау қаласының Құрметті азаматы (2000).
Еңбек жолын 1948 жылы темір жол көлігінде жүргізуші болып бастаған. Жол бақылаушысынан темір жол вокзалының бастығына дейінгі еңбек жолынан өткен. Ақмола жүк тасымалдау бөлімі ардагерлер Кеңесінің төрағасы, қалалық ардагерлер кеңесі Төралқасының мүшесі болып сайланған.
КСРО ХШЖК-нің алтын медалімен және «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталған.«Ақмола облысы» энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Қазақстан теміржолшылары Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген теміржолшылары Санат:Көкшетаудың құрметті азаматтары Санат:Халық Шаруашылығы Жетістіктері Көрмесі алтын медалінің иегерлері Санат:Қазақстанның құрметті теміржолшылары