Жұмаш мешіті 1. Мешіттің толық мекенжайы: Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Молодежный ауылы, Молодежная көшесі, № 7, пошта индексі — 110311. «Жұмаш» зиярат мешіті.
2. Мешіт құрылысының басталу және аяқталу мерзімі: Мешіттің құрылысы 2006 жылғы 1 мамырда басталып, сол жылдың 15 тамызында аяқталған.
Мешіт жерінің жалпы көлемі А) Сипаты-1 жобалы серия. Б) Қабат саны-бір қабатты. В) Құрылыс салу алаңы-144 кв.м. Г) Ғимараттың көлемі-432 куб. Ғ) Жалпы алаңы-127,2 кв.м. Д) Балкон жоқ. Е) Тұрғын алаңы-116,8 кв.м. Ж) Қабырға материалы-кірпіш.
4. Мешіт ғимаратының жалпы көлемі мен сыйымдылығы: Мешіт ғимаратының биіктігі — 4 метр, ені — 12 метр, жалпы ауданы — 144 м². Мешіт 100 адамға арналған. Мұнарасының биіктігі — 10 метр.
5. Мешіт ғимаратының биіктігі, пішіні, өрнектелуі және ішкі жабдықталуы: Мешіт ғимаратының биіктігі — 4 метр. Пішіні бір күмбезді, бір мұнаралы. Ғимараттың сырты кірпішпен өрнектеліп, азиялық сәулет үлгісінде безендірілген. Мешіттің іші кілеммен жабдықталған.
6. Мешіттің күмбезі, мұнарасы және аумағындағы қосалқы құрылыстардың сипаттамасы: Мешіттің ауласы темір қоршаумен қоршалған. Ауланың ұзындығы — 45 метр, ені — 40 метр. Мешіттің алдыңғы жағынан қарағанда, сырты бояумен безендірілген, биіктігі 10 метр болатын мұнарасы көрінеді. Оң жағынан қарағанда, ғимараттың силикат кірпіштен қаланған сыртқы қабырғалары мен күмбезі байқалады. Сол жағынан қарағанда, бір терезесі, күмбезі және мұнарасының жоғарғы бөлігі көрінеді. Артқы жағынан қарағанда, қоршауы, екі терезесі, күмбезі мен мұнарасы көрінеді.
Сілтемелер http://akmechet.kz/kz/info/mechetiobl/mechetkaz025.html
Санат:Қазақстан мешіттері