Орналасуы «Зұлқарнайұлы Мұса қажы» мешіті Қостанай облысы Меңдіқара ауданының аумағында орналасқан.

Зұлқарнайұлы Мұса қажы мешіті «Зұлқарнайұлы Мұса қажы» мешіті, инд.111300, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Боровской селосы, Байназаров көшесі, 109 үй. 2. Мешіт құрылысының басталуы мен біткен мерзімі: Зұлқарнайұлы Мұса қажы мұсылмандар мешітінің тұрған үйі 1913-1914 жылдарда Ресейден қоныс аударған орыс көпесі Шарухов салдырған, 1925 жылы бұл үйде «Несие қоғамы» мал жинап дайындаған. Оның төрағасы болып Клименов істеген. Одан кейін бұл үй мемлекеттік банк болды, банк болғанда 1950 жылдары жалғастырылып кассалақ залдың құлысы салынған. 1981-82 жылдары банк үйі жаңа ғимаратқа көшкендіктен бұл үйде «Теледидар жөндейтін шеберхана» болды. Шеберхана 1982 жылдан 1991 жылға дейін жұмыс істеді. 1992 жылы жаңа мешіт салуға қаржы жетпегендіктен мешіт тұрған үйді мешітке айналдыру үшін күрделі жөндеу басталды. 1993 жылы күрделі жөндеу аяқталды. Осы жылдың 26 наурызында мешіттің ашылуы болды. 2006 жылы қыркүйек айынан желтоқсан айына дейін мешітте аудан әкімі Нұрғалиев Жомарт Мирасұлының ұйымдастыруымен мешітте күрделі жұмыстары жургізілді.3. Мешіт жерінің жалпы көлемі мен ауласының сипаты: Мешіт жерінің көлемі 0,2232 га, қоршауы темір шарбақпен және битон қорғанмен қоршалған мешіттің ауласы асфальтпен және өрнекті қиық тастармен(брушатка) жол төселген. 4. Мешіт ғимыратының жалпы көлемі, сыйымдылығы: Жалпы көлемі 320,6 т/м намаз оқитын үлкен залының көлемі 138,6 т/м, неке қию, Құран оқитын кіші зал 50,4 т/м, имамның бөлмесі 18,3 т\м, есепшінің бөлмесі 10,3 т\м, кітапхана бөлмесі 12,5т\м, сыйымдылығы 150 адам.5. Мешіт ғимыратының биіктігі, формасы, өрнекпен безендірілуі, сәулет ерекшелігі, мешіттің жабдықталуы жайлы баяндау: Мешіт ғимаратының биіктігі 13 метр, алғашында қызыл кірпішпен салынған, кейін сыртын сылаған, жалпы ғимарат тарихи ескерткішке жатады. Қосалқы құралған бөлігінің биіктігі 10 метр, шатырланым кок каңылтыр (метала черепицамен) жабылған. Мешіт кітапханасында діни және қазақша әдеби көркем кітаптар мен республикалық, облыстық, аудандык баспасөз басылымдары бар және халықтан алынған ескі діни кітаптар бар. Мешіт интернет жүйесіне қосылған Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасынын сайтынан барлық діни мақалалар мен жаналықтарды алып тұрамыз. 6. Мешітің күмбезі мен мұнарасы және аумағындағы қосалқы ғимараттың сипаты: Мешіт күмбезінің биіктігі 3 метр, көкпен боялған, бұрыштарында кішкентай төрт мұнарасы бар биіктігі 2 метрден, мешіттің қасында мешіт қарамағындағы пәтер мен автокөлік қоятын темір гараж бар.

Сілтемелер http://akmechet.kz/kz/info/mechetiobl/mechetkaz010.html

Санат:Қазақстан мешіттері