Зейiннiң шоғырлануы оның белгiлi бiр нысанға бағытталып, онда топталу күшi мен дəрежесi, яғни психикалық немесе саналы iс-əрекеттiң толығымен қажеттi нүктеге шөгуi. Зейiннiң шоғырлануы ми қабығындағы қозу ошағының доминанттық қызметiмен тiкелей байланысты (Н.А.Ухтомский). Дəлiрек айтсақ, шоғырлану нысанды ошақтағы қозудың жəне сонымен бiр уақытта жүретiн бас ми қабығындағы басқа аймақтардың тежелуiнiң салдарынан келiп шығады.
Әдебиет Б 12 Жантану негіздері. (Жалпы психология). Жоғарғы оқу орындары студенттеріне арналған дəрісбаяндар жинағы. Алматы, 2006. – 306 бет.