Варшава университеті (, ) — Польшадағы ең үлкен және беделді университеттердің бірі. Варшава Университетінің іргетасы 1816 жылы қаланған. Университетте 60 мыңнан астам білімгер білім алады. Британиялық The Times журналы Варшава Университетін әлемнің 200 университетінің қатарына қосты.

Тарихы left|thumb|Университеттің мөрі, 1870–1915 I Александр кезінде Королдік деген атпен 1817 жылы 20 қыркүйекте негізі қаланған. Ашылған уақытта университет 5 бөлімнен тұрды: теология, құқық және әкімшілік ғылымдар. 1830 жылы 30 наурызда университет кеңесінің өтініші бойынша шыққан жарлыққа сәйкес университет атауы Александровский деп өзгертілді. 1830 жылғы Польша көтерілсі университеттің жабылуына әкеліп соқты.

1831 жылы князь Паскевич Польша пашталығының оқу бөлімінің жалпы қайта жасау жобасын таныстыру барысында Университетті қайта құруды, сонымен қатар медицина және құқық жоғары мектебін ашуды ұсынды. Бірақ I Николай өңірдегі барлық жоғары мектептерді уақытша жабу туралы жарлыққа қол қойды. Университет 1862 жылы Негізгі мектеп (Szkoła Główna), деген атпен қайтадан ашылды. Факультеттер құрамы тағы да кеңейтілді: құқық, филология, тарих, математика және физика факультеттері қосылды. 1869 жылы Императорлық Варшава университеті болып атауы өзгертілді. Негізгі оқу тілі орыс тілі болды. Университет поляк тілінде оқытуды 20 ғасырдың басында, яғни 1915 жылы бастады. 1918 жылы Польша тәуелсіздігін алғаннан кейін, университет өмірінде жаңа екпін пайда бола бастады. 20 ғасырдың соңына қарай университет польша университеттерінің ішіндегі ең ірі жоғары оқу орны дәрежесіне жетті. Білімгерлер саны 10 мыңға жетті, оқытушы - профессорлық құрамы 250 адамды құрады. Бүгінгі таңда Варшава университетінің қабырғасында 60 мыңнан астам білімгер білім алуда, ал профессорлар мен оқытушылар құрамы бірінші түлектер санынан уш-төрт есе асып түседі – екі жүз жылдай бұрын университет қабырғасынан 800 жуық түлек бітірген болатын.

Орналасуы Университет басшысы, әкімшілігі және бөлімдерінің көбісі Варшава қаласының Краковское предместье көшесіндегі университеттің ескі ғимаратында орналасқан (университеттің мекен-жайы — Krakowskie Przedmieście 26/28, 00-927 Warszawa; телефон: +48 (22) 552-0355). Университеттің ескі кітапханасының ғимаратында лекциялық аудиториялар, кітапхана Добрый көшесіндегі жаңа ғимаратқа көшірілген.

Факультеттері Варшава Университітнде қазіргі таңда 20 факультет жұмыс жасауда. Өнер факультеті / Wydział «Artes Liberales» ; Биология / Wydział Biologii; Химия /Wydział Chemii; Журналистика және саясаттану / Wydział Dziennikarstwa i Nauk Politycznych; Философия және әлеуметтану / Wydział Filozofii i Socjologii; Физика / Wydział Fizyki; География және аймақтық зерттеу / Wydział Geografii i Studiów Regionalnych; Геология / Wydział Geologii; Тарих / Wydział Historyczny; Қолданбалы лингвистика / Wydział Lingwistyki Stosowanej; Математика, информатика және механика / Wydział Matematyki, Informatyki i Mechaniki; Экономикалық ғылымдар / Wydział Nauk Ekonomicznych; Қазіргі тілдер / Wydział Neofilologii; Шығыстану / Wydział Orientalistyczny; Педагогика / Wydział Pedagogiczny; Польша зерттеулері / Wydział Polonistyki; Құқық және әкімшілік / Wydział Prawa i Administracji; Психология / Wydział Psychologii; Қолданбалы қоғамдық ғылымдар және оңалту/ Wydział Stosowanych Nauk Społecznych i Resocjalizacji; Менеджмент / Wydział Zarządzania.

Университет басшылары Аты-жөні Басқарған жылдары Швейковский Войцех Анзельм (Szweykowski Ks. Wojciech) 1818 — 1831 Шкродский Юзеф Кароль (Skrodzki Józef Karol) 1831 — 1857 Цыцурин Фёдор Степанович 1857 — 1861 Мяновский Иосиф Игнатьевич 1862 — 1869 Лавровский Петр Алексеевич 1869 — 1872 Благовещенский Николай Михайлович 1872 — 1883 Лавровский Николай Алексеевич 1883 — 1890 Сонин Николай Яковлевич 1885, 1890 Будилович Антон Семёнович 1890 — 1892 Щелков Иван Петрович 1892 — 1894 Шалфеев Михаил 1894 — 1895; 1898 Ковалевский Павел Иванович 1895 — 1897 Зенгер Григорий Эдуардович 1897 — 1899 Ульянов Григорий Константинович 1899 — 1904 Зилов Пётр Алексеевич 1904 Карский Евфимий Фёдорович 1905 — 1911 Кудревецкий Василий Васильевич 1911 — 1912 Трепицын Иван Николаевич 1913 — 1914 Вехов Сергей Иванович 1914 — 1915 Брудзинский Йозеф (Brudziński Józef) 1915 — 1917 Антоний Костанески (Antoni Kostanecki) 1917 — 1919 Станислав Йозеф Тугутт (Stanisław Józef Thugutt) 1919 — 1920 Ян Кароль Кохановский (Jan Karol Kochanowski) 1920 — 1921 Ян Мазуркевич (Jan Mazurkiewicz) 1921 — 1922 Лукасевич Ян 1922 — 1923; 1931—1932 Игнацы Кошембар-Лысковский (Ignacy Koschembahr-Łyskowski) 1923 — 1924 Францишек Крысталович (Franciszek Kryształowicz) 1924 — 1925 Стефан Пеньковский (Stefan Pieńkowski) 925 — 1926; 1933—1936; 1945—1947 Болеслав Гриневецкий (Bolesław Hryniewiecki) 1926 — 1927 Антоний Шлаговский (Ks. Antoni Szlagowski) 1927 — 1928 Густав Пшихоцкий (Gustaw Przychocki) 1928 — 1929 Тадеуш Бжески (Tadeusz Brzeski) 1929 — 1930 Мечислав Михалович (Mieczysław Michałowicz) 1930 — 1931 Юзеф Уейский (Józef Ujejski) 1932 — 1933 Влодзимеж Антоневич (Włodzimierz Antoniewicz) 1936 — 1939 Ежи Модраковский (Jerzy Modrakowski) 1939 — 1947 Францишек Чубайский (Franciszek Czubaiski) 1947 — 1949 Ян Васильковский (Jan Wasilkowski) 1949 — 1952Станислав Турский (Stanisław Turski) 1952 — 1969 Зигмунт Рыбицкий (Zygmunt Rybicki) 1969 — 1980 Хенрик Самсонович (Henryk Samsonowicz) 1980 — 1982 Казимеж Альбин Добровольский (Kazimierz Albin Dobrowolski) 1982 — 1985 Клеменс Шанявский (Klemens Szaniawski) 1984 — 1985 Гжегож Бялковский (Grzegorz Białkowski) 1985 — 1989 Анджей Каэтан Вроблевский (Andrzej Kajetan Wróblewski) 1989 — 1993 Влодзимеж Сивиньский (Włodzimierz Siwiński) 1993 — 1999 Пётр Венгленьский (Piotr Węgleński) 1999 — 2005 Катажина Халасиньская-Мацуков (Katarzyna Chałasińska-Macukow) 2005 — 2012 Мартин Палыс (Marcin Pałys) 2012 жылдан бері

Атақты түлектер Дмитрий Дмитриевич Богос Генрих Юлиушевич Дембинский Юзеф Жабинский Ярослав Игоревич Абрамов-Неверли Антон Мартинович Ржонд Януш Корвин-Микке Януш Анджей Зайдель Хилари Копровский Тимофей (Варшава митрополиті) Януш Ивашкевич Ирена Адамович Ежи Нейман Ежи Аксер Эугениуш Достоевский Анджей Вроблевский Тадеуш Банахевич Александр Гауке-Новак Ежи Гонсовский Лондон Ефим Семёнович Мацеевский Зыгмунт Мельцер-Щавиньский Генрик Новодворский Францишек Ольшевский Ян Османьчик Эдмунд Падеревский Збигнев Здзиславович Рейтер Януш Снэ Моше Стжелецкий Болеслав Хасс Людвик Щигел Мариуш

Дереккөздер

Санат:Польша жоғарғы оқу орындары