Қызылжар (2001 жылға дейін - Фабричное) — Түркістан облысы, Сайрам ауданындағы таратылған ауыл, Жаңаталап ауылдық округі құрамында болған. 2014 жылы Шымкент қаласының құрамына енген.Жекелеген елдi мекендерді есептi деректерден шығару туралы Қазіргі уақытта Шымкент қаласының Абай ауданындағы тұрғын үй массиві.
Географиялық орны Аудан орталығы – Ақсукент ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 40 км-дей жерде, Бадам өзенінің бойында орналасқан.
Халқы Тұрғыны 2788 адам (2009).
Тарихы 1934 жылы "Жаңатұрмыс", 1950 жылы "Қызыл Октябрь" ұжымшарының, 1961 жылы жеміс-жидек кеңшарының бөлімшесі болды. Оның негізінде шаруа қожалықтары ұйымдастырылған.
Инфрақұрылымы Қызылжарда орта мектеп, клуб, фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар.
Дереккөздер
Санат:Сайрам ауданының таратылған елді мекендері