Лана Мария Парри́я (сондай-ақ Парри́йя, Парри́йа, ағыл. Lana Maria Parrilla, 15 шілде 1977 жыл) – американдық актриса. ABC арнасының «Ертегінің бір мезетінде» сериалындағы Зұлым патшайым/Реджина Миллстың рөлімен танымыл болған.

Жас кезі left|thumb|Лана Паррия Лана Паррия Бруклин, Нью-Йоркта туып, сол жерде өсті. Ол жетпісінші жылдардың басынла «Филадельфия Филлис» тобында ойнаған бейсболист Сэм Паррияның қызы. Кіші кезінен бастап Лана актриса болуды армандады. Мектепті бітірісімен ол актерлік шеберлікті үйрену үшін Лос-Анджелеске көшеді. Содан соң ол жергілікті қойылымдарда ойнауды бастады. 

Мансабы

Мансабының басталуы Лана Паррия мансабының басында бірнеше фильмде түсіп, 2000 жылы ABC арнасының комедиялық сериалы «Спин-Ситида» ойнайды. Бұл жоба аяқталғаннан кейін 2001 жылы актриса Стивен Спилбергтің «Semper Fi» сериалының сынамалы эпизодында басты рөлді сомдайды. Алайда сериал көрермендердің көңілінен шықпағандықтан, ол жабылды.

2002 жылы Паррия NBC арнасының «Бумтаун» драмалық сериалында басты рөлді ойнайды, бірақ ол екі маусымнан кейін 2003 жылы жабылады.

2005 жылы Паррия «24» сериалының төртінші маусымында терроризммен күресетін агент Сара Гэвиннің рөлін ойнайды. Келесі жылы ол «Кенеттен пайда болған сәттілік» басты рөлді сомдайды, алайда ол да алдынғы жобалар сияқты бірінші маусымнан кейін жабылды. Сол жылы ол «Тірі қалу» сериалының екі эпизодында түседі. 2008 жылы ол CBS арнасының «Свингерлердің қаласы» жобасына қатысты, бірақ бұл көп кешікпей жабылды. Сол жылы Лана «Иесізденген» фильмінде басты рөлді сомдайды. 2010 жылы «Майами ауруханасы» сериалында түсті, бұл жоба көп ұзамай жабылды. 

"Ертегінің бір мезетінде" thumb|Лана Паррия 2011 жылдың басында Лана Поррия ABC арнасының «Ертегінің бір мезетінде» сериалында рөлді сомдайтын болды. Сериалда ол қалабасы Реджина Миллзті (бұрында Зұлым патшайым), басты кереғар кейіпкерді ойнайды. Жоба сыншылардан жақсы пікір алды. Сериал әлемде жетістікке жетіп, соның арқасында Паррия танымал болды. Паррияны көптеген сыншылар мақтап, оның «Эмми» сыйына лайықты екенің айтқан. Ол «Эмми» сыйлығын алған жоқ, бірақ «Сүйікті кереғар кейіпкер» номинациясында TV Guide сыйын ұтып алды және драмалық сериалдағы ең керемет рөл үшін ALMA  сыйын алды. 

Жеке өмірі 2013 жылы Лана жігіті, Фред Ди Бласиомен сөз байласады. 2014 жылы ол оған тұрмысқа шығады. 

Фильмография

Телевизия ЖылАтауы (қазақша)Атауы (ағылшынша)Рөлі1999ЕресеюGrown UpsДаяршы2000-2001Спин-СитиSpin CityЭнджи Ордоньес2002Әскери жұмысJAGЛейтенант Стефани ДонатоҚалқан The ShieldСидона Теллез2002-2003БумтаунBoomtownТереза Ортис2004Нью-Йорктың полициясыNYPD BlueОфицер Джанет ГрэфтонКлиент әрдайым өліSix Feet UnderМайли200524 сағат24Сара Гэвин2006Кенеттен пайда болған сәттілікWindfallНина ШейферТірі қалуLostГрета2008Свингерлер қаласыSwingtownТрина Деккер2010Майами ауруханасыMiami Medicalдоктор Ева ЗамбраноҚұпия операцияCovert AffairsДжулия СуарезМедиумMediumЛидия ХэлстомҚорғаушыларThe DefendersБетти2011Аңду ChaseИзабелла2011 — қазіргі уақытЕртегінің бір мезетіндеOnce Upon a TimeЗұлым патшайым/ Реджина Миллз

Фильмдер ЖылАтауы (қазақша)Название на русскомРөлі2000Өте сараң ерлерОчень скупые мужчиныТерезаӨрмекшілерПаукиMarci Eyre2001Репликант РепликантМарси2003Суытылған жұлдыздарЗамороженные звездыЛиза Васкес2005Соңғы саяхатПоследняя поездкаАнтуанетта2008ИесізденгенОбезличеннаяНелли

Дереккөздер Орыс уикипедиясынан аударылған.