Жамбыл ауылдық округі — Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы әкімшілік бірлік. Ауданның батысында орналасқан.
Құрамы Құрамына Қаракөл, Айдын ауылдары кіреді. Орталығы – Қаракөл ауылы. Округ құрамында болған Мәдениет ауылы 2013 жылы таратылған.Атырау облысы Қызылқоға ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы
Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1514 адамды (807 ер адам және 707 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары +Елді мекенХалқы,адам (1989)Халқы,адам (1999)Халқы,адам (2009)Халқы,адам (2021) Қаракөл 2002 1670 1547 1454 Айдын 188 215 146 60 Мәдениет 186 354 89
Шаруа қожалықтары Ауылдың аумақтағы 16 шаруа қожалығы ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен айналысады. “Дүйсеәлі” шаруа қожалығы (төрағасы О.Дүйсалиев), “Үмбетқали” шаруа қожалығы (төрағасы А.Үмбетқалиев) “Мәнет” шаруа қожалығы т.б.
Мәдени-әлеуметтік мекемелер Округте Қаракөл орта мектебі, Жамбыл отбасылық емханасы, “Жауқазын” балабақшасы, Қаракөл мәдениет үйі жұмыс істейді.Қызылқоға - құт мекен. Алматы: «Өлке» баспасы, 2005 ж. ISBN 9965-599-97-1
Дереккөздер
Санат:Қызылқоға ауданы ауылдық округтері