Санат–насыят жырлары () — қырғыз халық поэзиясының жанрлық түрі. Халықтың өлең–жырларда да, ақындар шығармаларында кең тараған. Балалық, кәрілік, жақсылық, жамандық, өмір, өлім, жорық, жер, су т.б. әрқилы қоғамдық–әлеуметтік, этикалық мәселелер көтеріледі. Мазмұны жағынан болсын, көркемдік түрі жағынан болсын, қазақтың толғау сөздерімен төркіндес. Өсиеттілік сарыны басым келеді. 7–8 буынды жыр үлгісінде шығарыладыӘдебиеттану терминдерінің сөздігі.

Дереккөздер

Санат:Қырғыз әдебиеті Санат:Әдебиет жанрлары