Айбас – Ақмола облысы Жақсы ауданының солтүстігіндегі шоқы.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 392 м. Тау Жақсы-Есіл темір және автомобиль жолынан 3,5 км жерде сайлы-жыралы келген далада орналасқан. Айбастың беткейлері көлбеуленген. Пішімі дөңгелек келген таудың ұзындығы мен ені 2-2,5 км-дей. Шоқы түбінен Жақсы-Чапаев қара жолы өтеді. Оңтүстігінде Чапаев ауылының қыстауы орналасқан. Далаға тән өсімдіктер өскен.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Жақсы ауданы таулары Санат:Шоқылар