Щербаково — Қостанай облысы Алтынсарин ауданындағы ауыл, Мәриям Хакімжанова ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Обаған ауылынан солтүстікке қарай 10 км-дей жерде, Арақарағай орманының оңтүстік-шығысында орналасқан.
Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 2615 адам (1285 ер адам және 1330 әйел адам) болса, 2009 жылы 1766 адамды (856 ер адам және 910 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Тарихы Іргесі ауыл шаруашылығын ұйымдастыру жылдары “Қобыланды” деген атпен қаланған. 1954 жылы тың және тыңайған жерлерді игеру басталған кезде Щербаков атындағы астық кеңшарын құруға сәйкес “Щербаково” деп аталды. 20 ғасырдың 90-жылдарының 2-жартысынан бастап мұнда кеңшар негізінде астық өндірумен айналысатын шаруа қожалықтары құрылды. Ауыл жанынан (3 км) Қостанай – Көкшетау автомобиль жолы өтеді.
Дереккөздер
Санат:Алтынсарин ауданы елді мекендері