Герти Тереза Кори, Радниц (, Герти Тереза Радниц-Кори, 15 тамыз, 1896, Прага, Аустрия-Венгрия (қазір Чехия) — 26 қазан, 1957) — американдық биохимик.
Карл және Герти Коридің Кори циклы ретінде белгілі көмірсулар циклын құру, глюкозо-1-фосфатты бөліп алу және фосфорилазаны және фосфоглюкомутазаны ашуы ең елеулі үлес болды. Бұл жаңалықтар гликогенолиз және гликолиздің ферментативті бағытын құрды. Күйеуі Карл Коримен бірге «Гликогеннің каталитикалық айналуын ашқаны үшін» физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығының 1947 жылы лауреаты атанды.
Гликоген метаболизмінде, Герти Кори тармақталған амило-1,6-глюкоксидазанының ферменті ашылуында және бірізді ферменттік қорыту арқылы гликоген құрылымын құруда оны қолдану ізашар болды. Бұл жаңашыл жұмыс гликоген сақтаумен байланысты аурулар кезінде ферменттік ақауларды анықталғанға алып келді. Осылайша оның клиникалық аренада өз ғылыми-зерттеулері негізгі ғылыми жаңалықтарды кеңейтті, әсіресе, оның бастапқы алаңы, клиникалық қызығушылығы және мамандандырылуы, педиатрия саласындағы.
Дәрежелері 1914—1920 − Магистратр дәрежесі, Чарльз-Фердинанд университеті, Прага, Чехословакия 1920—1921 − Педиатриядағы клиникалық практика, Каролин балалар ауруханасы, Вена, Аустрия 1921—1922 − Патология факультеті, Нью-Йорк институты, Малигнантты ауруларды зерттеу зерттеу (Росвелл Парк), Буффало, Нью-Йорк 1931—1947 − Фармакология профессоры, Медицина бөлімшесі, Вашингтон университеті, Сент-Луис, Миссури 1947—1957 − Биохимия профессоры, Медицина бөлімшесі, Вашингтон университеті, Сент-Луис, Миссури
Марапаттары 1946 − Midwest Award Американдық Химиялық Қоғам 1947 − Squibb Award Ішкі секреция зерттеу қауымдастығы 1947 − Карл Коримен бірге, Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығы 1948 − Frances P. Garven Medal, Американдық Химиялық Қоғам 1948 − St. Louis Award 1950 − Sugar Prize, АҚШ Ұлттық ғылым академиясының мүшесі 1951 − Borden Award, Америкалық медициналық колледждер қауымдастығы
Естелік 1979 ж. Халықаралық астрономиялық одақ Герти Тереза Кори атын Айдың арғы жағындағы кратерге тағайындады.
Дереккөздер
Сілтемелер Джозеф Ларнердің өмірбаяндық естеліктері Герти Коридің Нобель комитетінің сайтындағы өмірбаяны Герти Кори Нобельдік дәрісі
Санат:15 тамызда туғандар Санат:Прагада туғандар Санат:26 қазанда қайтыс болғандар Санат:Миссуриде қайтыс болғандар Санат:АҚШ биохимиктері Санат:Медицина саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері Санат:Нобель сыйлығының иегерлері (АҚШ)