Құлышев Манаш (1908, бұрынғы Көкшетау облысы Көкшетау ауданы Қараөзек ауылы – 1976) – еңбек ардагері. Социалистiк Еңбек Ері (1951). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1929 жылы Көкшетау жылқы зауытында жылқышы, 1932 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Красноармейск ауданы Киров атындағы кеңшарда трактор, комбайн жүргізушісі болды. «Құрмет белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған. Дереккөздер</span> «Ақмола облысы» энциклопедиясы
Санат:Тұлғалар