Дамбы, Дамба — Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігіне қарасты Дамбы ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Атырау қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 18 км-дей жерде Жайық өзенінің жағасында орналасқан.Топонимика Казахстана. Издательство "Аруана" Алматы,2010
Этимология 1948-50 жылдары Жайық өзенінің Каспий теңізіне құяр саласын тереңдету мақсатында су астын қазу жұмыстары жүргізілген. Қазылған топырақтар өзеннің екі жағалауына үйіліп қолдан "дамба" жасалынған. 1950 жылдардан бастап осы дамбалар басына халықтар көшіп келіп қоныстана бастаған. Сол жылдардан бастап бұл өңір «Дамба» аталып кеткен.
Тарихы Гурьев облыстық атқару комитетінің Новобогат ауданындағы балықшы колхоздары «Дамбы» елді мекеніне көшіру туралы шешімнің негізінде 1955 жылдан бастап Новобогат ауданынан балықшы колхоздар көшіп келіп, Жайық өзені бойына орналаса бастаған. 1955-56 жылдары «Социалистік жол» колхозының жартысы Дамба ауылына көшіп келіп (жартысы қазіргі Құрманғазы ауылында) бұл жерді Кіші Дамба ауылы деп атаған. Ал Үлкен Дамба ауылына «Амангелді» колхозы орналасты.
Халқы 1989 жылы елді мекенде 1997 адам тұрған.1989 жылғы Қазақ КСР бойынша Бүкілодақтық халық санағының қорытындылары. 3 том 1999 жылы тұрғындар саны 1967 адам (954 ер адам және 1013 әйел адам) болса, 2009 жылы 1229 адамды (610 ер адам және 619 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 2442 адамды (1204 ер адам және 1238 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Әлеуметтік және мәдени нысандары Амангелді атындағы орта мектеп — 1948-49 оқу жылында бастауыш түрінде ашылды. 1954 жылы №7 жеті жылдық білім беретін мектеп, 1969 жылы орта мектеп болып өзгертілді. 1974 жылы мектепке халық батыры, ұлт-азаттық көтерілісінің жетекшісі болған Амангелді Имановтың есімі берілді.Мектеп тарихы «Ынтымақ» бөбекжай-балабақшасы
Шаруашылықтары және кәсіпшілік Ауылда жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер жұмыс жасайды. Теңізде, тұщы суда балық аулау, тамақ өнімдерін көтерме саудада сату, тұрғын үй ғимараттарының құрылысы т.б. бағыттарда қызмет көрсетеді. Ауылда балық қорғау инспекциясы, бірнеше сауда нүктелері, монша т.б.бар. Ауыл маңында «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты, Солтүстік Каспий экологиялық базасы мекемелері орналасқан https://yandex.kz/maps/org/severo_kaspiyskaya_ekologicheskaya_baza_reagirovaniya_na_razlivy_nefti/55308565181/?ll=51.703432%2C46.921180&z=17 Тұрғындары елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы қатынасады.
Елді мекендегі көшелер
Ауыл суреттері Әкімшілік "Ынтымақ" балабақшасы Ғаббас Қабышев көшесі Дамбы ауылында жыл соңында қолданысқа берілетін саябақ макеті Дәрігерлік амбулатория орта|200px| орта|270px| орта|250px| орта|300px| орта|300px|
Дереккөздер
Сілтемелер https://www.youtube.com/watch?v=seH3Pgz42Gs Дамба(клип)
Санат:Атырау қалалық әкімдігі елді мекендері