Каменный Карьер – Ақмола облысы Целиноград ауданының солтүстігіндегі тау.
Географиялық орны Қарамеңді батыр ауылынан солтүстікке қарай 4,5 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 357 м. Батыстан шығысқа қарай 1,5 км-ге созылған, ені 1 км. Таудың шығысында тасты жерлер жер бетіне шығып жатыр, батыс етегінде батпақты шалғын қалыптасқан.
Геологиялық құрылымы Палеоген тау жыныстарынан түзілген жер қыртысын құмсазды келген элювийлі-делювийлі шөгінділер жапқан.
Өсімдігі Даланың сортаңдау қызғылт қоңыр топырағында бетегелі-селеулі өсімдіктер өседі.Қазақстан Энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Целиноград ауданы таулары