Синьчжу (қыт. 新竹市, пінин: Xīnzhú Shì) — Тайваннің солтүстік-батыс бөлігіндегі қала. Синьчжуді оның желді климатынан «Желдер қаласы» (қыт. 風城, пінин: Fēngchéng) деп атайды.
Тарихы 1626 жылы испандықтар аралдың солтүстік бөлігін иемденіп алған, Тайваннің байырғы тұрғыны - таокас жұрты өмір сүрген Тек-Кхаме орынында испан миссионерлері пайда болған. XIX ғасырда жердің атауын Синьчжуге ауыстырған. 1920 жылы аралда жапон басқармасы кезінде, Синьчжу Стрит көшесі құрылып, Синьчжу Стрит ауданы әкімшілігі құрылды.
Халқы 2008 жылдың сәуір айында жүргізілген санақтың мәліметтері бойынша Синьчжу қаласында 404 109 адам тұрады. Тайвань қалаларының арасында халық саны бойынша жетінші орында.
Әкімшілік бөлінісі alt=Districts of Hsinchu (Taiwan).|солға|нобай|Синьчжу қаласының әкімшілік бөлінісі : ■ — Солтүстік аудан, ■ — Шығыс аудан, ■ — Сяншань ауданы. Синьчжу 3 ауданға бөлінген: Солтүстік (қыт. 北區, пінин: Bei-qu) (аумағы 15,73 км², халық саны 142 624 адам), Шығыс (қыт. 東區, пінин: Dong-qu) (аумағы 33,58 км², халық саны 193 310 адам) және Сяншань (қыт. 香山區, пінин: Xiangshan-qu) (аумағы 54,85 км², халық саны 71 453 адам).
Экономикасы Синьчжу Тайваннің жартылай өткізгіш және компьютерлік өнеркәсібінің орталығы болып табылады. Синьчжу Ғылыми паркі 360 компанияны біріктіреді, TSMC, Philips, United Microelectronics Corporation, Holtek, AU Optronics, Epistar-ді қоса алғанда. Осының нәтижесінде қала Тайвань бойынша ең жоғарғы табыс деңгейіне ие.
Көрікті орындары Шыны мұражайы (ағыл.) Синьчжу хайуанаттар бағы Синьчжу қаласының шығыс қақпасы Ченгхуанг ғибадатханасының маңындағы түнгі базар «Жасыл әлем» экологиялық фермасы (ағыл.)
Белгілі тумалары Ли Юаньчжэ - 1986 жылғы химия бойынша Нобель сыйлығының лауреаты.
Туыстас қалалар Елдің ішінде Цзяи, Қытай Республикасы (2002) Шетелде Ричланд, АҚШ (1988) Бивертон, АҚШ (1988) Кэри, АҚШ (1993) Фэйрфилд (ағыл.)орыс., Аустралия (1994) Купертино, АҚШ (1998) Окаяма, Жапония (2003) Плейно, АҚШ (2003) Пуэрто-Принсеса, Филиппиндер (2006)
Ескертпелер
Сілтемелер Синьчжу басқармасының ресми сайты Синьчжу әкімшілігінің туризм департаменті Синьчжу Мәдениет басқармасының ресми сайты
Санат:Алфавит бойынша елді мекендер