II әл-Хакам (әл-Мустансир биллаһ Әбу әл-Қазы Хакам ибн Әбдіррахман, ,915 — 976 ) — Кордоба халифатының 2-ші халифі (961—976), III Әбдіррахманның ұлы, Умәйя әулетінің мүшесі.
Өмірбаяны Негізінен әл-Хакам әкесінің саясатын жалғастырған. Мұсылман Испанияның мәдение тұрғыда гүлденуі жалғасын тапты. Халифтің өзі ғылым мен библиографияға аса жіті қызығушылық танытқандықтан 400 мыңнан астам дана кітап сақталған Кордоба кітапханасы мұсылман әлеміндегі ең ірі кітапханаға айналды. Хакамның тұсында көптеген құнды әдебиеттер көне грек және латын тілдерінен араб тіліне аударылып жарыққа шықты.
Сонымен қатар халифа Хакам билеген жылдары ауыл шаруашылығы дамып, ирригациялық құрылымдар жүйесі кеңейді. Мескита мешіті және халифа резиденциясы сияқты ірі ғимраттардың құрылысы қолға алынды.
Сыртқы саясаты II Хакамның тұсында халифатқа викингтер 966 және 971 жылдары екі мәрте шабуыл жасайды. Сондай-ақ Солтүстік Мароккодағы Зиридтер және Фатимидтер хилафатымен күрес жүргізеді. 947 жылы Фатимидтер жеңіліске ұшырайды. Ал Солтүстік Испаниядағы христиандық мемлекеттерде халифат толық әскери үстемдікке ие болды.
Жеке өмірі Кейбір заманауи шетелдік деректерде II Хакамның жас кезінде гомосексуал болғандығы келтіріледіLouis Crompton, Homosexuality and Civilisation, Harvard, 1990. Ол ашық түрде еркектік гарем ұстаған.Encyclopedia of Medieval Iberia, ed. Michael Gerli (New York: Routledge, 2003), 398—399 Сол себепті Кордоба тағының болашақ мұрагері болмады. Алайда бұл мәселе де шешімін тапты. Халифаға әрдайым еркектің киімін киіп жүретін және «Джафар» деген бүркеніш атқа ие Субх есімді күн тауып береді.Évariste Lévi-Provençal, Histoire de l’Espagne musulmane, Paris, 1950 Кейін II Хишам дүниеге келеді. Алайда бұл жайлы араб тарихшылары ешбір дерек келтірмейді.
Әдебиет
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Arabic biography
Санат:Умәйя әулетінің халифтері