thumb|Компьютерлік томограммадағы көкбауыр инфарктісінің бейнеленуі right|thumb|Жүректің оң жақ қарыншасының алдыңғы қабырғасының инфарктісі. Инфа́ркт ( — ішін толтыру, тығыздау) — қанмен қамтамасыз етілудің жіті жетіспеушілігінен сол мүшенің өлуі (некроз). Инфаркт себептері: тромбоз, эмболия, артерияның созылмалы тарылуы және т.б.

Кең таралған инфаркт түрлері:

Миокард инфарктісі. Ми инфарктісі (ишемиялық инсульт). Бүйрек инфарктісі. Көкбауыр инфарктісі.

Жүрек қан тамыры ауруларына қатысты негізгі фактілер Жүрек қан тамырлары ауруы әлем бойынша өлім санын арттырып, жыл сайын осы ауруға шалдығатын адамдар қатары жылдам өсуде; 2008 жылы жүргізілген санақ бойынша, жүрек қан тамырлары ауруынан әлемде 17,3 миллион адам қайтыс болған. Бұл жер шары халқының 30%-ын құрайды. 7,3 миллион адам ишемиялық аурудан, және 6,2 миллион адам инсульттің нәтижесінде қайтыс болған; – Бұл ауру көбінесе халқының жалақысы аз мемлекеттерде жиі кездеседі; – Ғалымдардың болжауынша, 2030 жылы осы аурудан 23,3 миллион адам көз жұмады; – Онымен табак өнімдерінен бас тарту, дұрыс тамақтану, майсыз тағамдарды тұтыну, физикалық белсенділікті арттыру, қан қысымын төмендету, диабеттен сақтану және липидтердің деңгейін төмендету арқылы күресуге болады; Жыл сайын 9,4 миллион өлімнің 16,5%-ына қан қысымының көтерілуі себепші.

Тағы қараңыз Ишемия

Санат:Өлім себептері