Абигейл Пауэрс Филлмор (; 13 наурыз 1798 – 30 наурыз 1853) – Америка Құрама Штаттарының 13-ші президенті Миллард Филлмордың әйелі және 1850-1853 жылдары аралығында АҚШ-тың Бірінші Ханымы.
Неке алдындағы өмірі солға|нобай|266x266 нүкте|Эбигейл Филлмор Филлмор Саратог округінде, Нью-Йоркта дүниеге келді. Оның әкесі бапстист дің қызметшісі болды. Әкесі қызы дүниеге келгеннен кейін қайтыс болады. Осыдан кейін анасы батысқа көшеді. 1819 жылы Эбигейл Нью-Хоуптағы жаңа академияға түседі. Сол жерде он тоғыз жасар Миллард Филлмор да оқыған еді. Миллард Эбигейлдің білімін бағалап, кейінрек олардның арасында романтикалық құштарлық пайда болды. Ұзақ қарым-қатынастан кейін, жиырма алты жасар Миллард және жиырма жеті жасар Эибгейл 1826 жылы 5 ақпанда үйленеді. Неке тойы қалыңдықтың ағасының үйінде өтеді. Бал айын өткізбей, олар Буффало, Нью-Йоркте тұрады. Филлмор мектепте сабақ беруді бірінші ұлың туғанға дейін жалғастырып, өмірінің соңына дейін білім беруге қызыққан.
Жұбайларда екі бала болды: Миллард Пауэрс Филлмор (1828—1889) Мэри Эбигейл Филлмор (1832—1854) 1847 жылы Миллард Нью-Йорк сенатының өкілі болып сайланғанда, отбасы уақытша Олбани, Нью-Йоркке көшеді.
Америка Құрама Штаттарының Бірінші ханымы 1849 жылы Миллард Филлмор вице-президент болып тағайындалды және әйелімен бірге Вишингтонға көшті. Президент Закари Тейлордың қазасынан кейін Филлмор президент болып, жұбайымен Ақ үйде тұрады. Алайда бұл кезде Бірінші ханымның денсаулығы нашарлап, ол міндеттерін қызына тапсырады. Эбигейл Ақ үйдің кітапханасында бірнеше сағат кітаптар таңдап, оларды фортепиано, арфа және гитарасы тұрған Сопақ кабинетте сақтайтын. солға|нобай|172x172 нүкте|Эбигейл Филлмордың моласы
Өлім Президент Франклин Пирстің инагурациясында 1853 жылы Эибгейл тұмауратып, пневмониямен ауырып қалады. Жиырма алты күннен кейін 1853 жылы 23 наурызда Вашингтонда «Уиллард» қонақ үйінде қайтыс болады.
Сыртқы сілтемелер Essay on Abigail Fillmore from the Miller Center of Public Affairs Original text based on White House biography First Lady Biography: Abigail Fillmore. Canton, Ohio: National First Ladies' Library. . NationMaster — Encyclopedia: Abigail Fillmore Abigail Fillmore (American first lady)
Санат:АҚШ Бірінші ханымдары