Сергей Александрович Харин (11 шілде 1900, Алматы қаласы – 5 қаңтар, 1980, Мәскеу қаласы) – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (1957), профессор (1958), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961).
Өмірбаяны Ленинград (1930, Санкт-Петербург) қаласындағы Қолданбалы зоология және фитопатология институтын бітірген.
Верный халық университетінде кабинет меңгерушісі (1919, Алматы қаласы)
Жетісу облыстық мұражайында зертханашы (1920)
Жетісу облыстық ауыл шаруашылық зиянкестерімен күрес станциясының, кейіннен округтік өсімдік қорғау станцияның меңгерушісі (1921–1925);
Өзбекстандағы Орта Азия мақта станциясының аға энтомологы және Мақта институтына қарасты өсімдік қорғау станциясында зертхана меңгерушісі (1930–1946)
Қазақ өсімдік қорғау станциясында ғылыми қызметкер (1946–1947)
Қазақ ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зертттеу институтында зертхана меңгерушісі (1948–1955)
Алматы мемлекеттік ауыл шаруашылық институтында (1955–1971, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) доцент, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған.
Ғылыми еңбектері
80-нен астам ғылыми жарияланымның авторы.
Марапаттары «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:11 шілдеде туғандар Санат:1900 жылы туғандар Санат:Алматыда туғандар Санат:5 қаңтарда қайтыс болғандар Санат:1980 жылы қайтыс болғандар Санат:Мәскеуде қайтыс болғандар Санат:Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторлары Санат:Қахақстан фитопалогтары Санат:Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессорлары Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткерлері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері