Александр Ляказетт (; 28 мамыр 1991, Лион, Франция) — француз футболшысы, "Арсенал" және Француз ұлттық құрамасының шабуылшысы.

Клубтық мансабы Александр Ляказет 12 жасынан бастап "Лион" жасөспірімдер командасы жүйесіне енген. Негізгі құрамадағы сынға түсуі 2010 жылы 5 мамырда "Осерге" қарсы матчта болды

"Лион" құрамасында ең алғашқы голын 2010 жылы 30 қаңтарда (чемпионаттың 11-ші турында) "Сошоға" қарсы матчта. Чемпиондар Лигасында Ляказзет 2010 жылы 2 қарашада "Бенфикаға" қарсы матчта сынға шықты. Матчтың 71-ші минутында ойынға шығып, шабуылшы матч бойы 2 рет гол салуға пас бере алды. Осыдан кейін, лондондық "Тоттенхэм" клубының қызығушылығы арта түсті. Өзінің чемпиондар Лигасындағы 2010 жылы 7 желтоқсандағы екінші ойынында Ляказзет тель-авивтік "Хапоэльге" гол соғып, соңғы (2:2) есебін орнатты.

2016 жылы 14 тамызда "Нанси" командасына қарсы матчта өзінің ең алғашқы хет-тригін орнатты.

Ұлттық құрама Түрлі жастарда Франция ұлттық жасөспірімдер құрамасына үлес қосты.Франция ұлттық құрама сапында (19 жасқа дейін) Еуропа чемпионатына қатысып, ойналған 5 матчта 3 гол соқты, сонымен қатар Испания ұлттық құрамасына қарсы матчта шешуші голды соқты. Қазіргі уақытта құрама сапында 6 матч ойнап, 1 гол соқты. 

Жетістіктері Командалық

Лион Франция кубогының иегері: 2012 Франция Суперкубогының жеңімпазы: 2012

Арсенал

Англия суперкубогы: 2017

Франция Құрамасы Жасөспірімдер арасында Еуропа чемпионы (19 жасқа дейін): 2010

Жеке

Франция чемпионатының үздік ойыншысы: 2015 Франция чемпионатының үздік мергені: 2015

Дереккөздер

Сілтемелер Профиль ресми сайтында "Лион" Профиль сайтында transfermarkt.com (ағыл.) Профиль сайтында LFP

Санат:28 мамырда туғандар Санат:Франция футболшылары Санат:Франция Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Олимпик Лион ФК ойыншылары Санат:Арсенал Лондон ФК ойыншылары Санат:2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегерлері