оңға|нобай|250x250 нүкте|Адидже оңға|нобай|250x250 нүкте|Адда оңға|нобай|250x250 нүкте|Тичино Италияның өзендері солтүстікте айқын байқалатын, суы мол тығыз желіні қалыптастырады. Италияның ең үлкен өзені — По, салалары және каналдарымен ірі транспорттық жүйені қалыптастырады. Падан жазығының шығыс бөлігінде Адидже, Брента, Пьяве, Рено және басқа да өзендер ағып өтеді. Солтүстік Италияның өзендері жаңбырлы қоректенуден басқа қар және мұздықтардың арқасында қоректенеді, бұл өзендер көктемгі-жазғы және күзгі тасқындармен сипатталады. Өзендер ауыл шаруашылығында суландыру үшін қолданылады. Альпі өзендері гидроэнергияның қайнар көзі болып табылады. Апеннин түбегінің өзендері суы аз болып келеді, қоректену түрі - жаңбырлы. Күзгі және қысқы селдермен сипатталады, ал жазда көбінесе бұл өзендер құрып қалады. Айрықша үлкен өзендер — Арно және ТибрГлавный редактор А. М. Прохоров. Большая советская энциклопедия. Третье издание. Том 11. ИТАЛИЯ - КВАРКУШ. — М.: «Советская энциклопедия», 1978. — С. 6..
Ұзындығы бойынша ең ірі өзендердің тізімі Италияның ең ұзын өзендерінің тізімі: №Өзен Итальяндық атауыЖалпы ұзындығы, км1ПоPo6762АдиджеAdige4103ТибрTevere4044АддаAdda3135ТичиноTicino2486ТанароTanaro2427АрноArno2418ПьявеPiave2209РеноReno21110ОльоOglio19111ВольтурноVolturno17712ТальяментоTagliamento17213ПанароPanaro16514Дора-БальтеаDora Baltea16215БрентаBrenta160
Дереккөздер
Санат:Италия өзендері