Синагога (грекше synagogue жиналыс) – иудейлік діни қауым. Алғаш, тегінде біздің дәуірімізге дейінгі 6 ғасырда Тора мен дұға оқу мақсатында пайда болса керек. Диаспордың (Палестинадан тыс еврей колониялары) кеңеюіне және Иерусалим храмының (біздің дәуірімізге дейінгі 1 ғасырда) күйреуіне байланысты Синагога иудейлік діннің орталығы болды. Оны басқарған раввиндер, еврейлер арасында діни идеологияны таратып, кез келген еркін ойлаушылықты басып жаншып отырды. Қазіргі кезде Израиль мемлекетінде 6 мыңға жуық, АҚШ-та 4 мыңнан астам Синагога бар. Діндарлардың өмір тіршілігі Тора мен Талмудтың заң-ережелеріне сәйкес реттеледі, бұл заң ережелердің реакциялық сипаты бар және адамның ар-намысын қорлайды. Синагога иудаизмде дін үйі деп те аталады.

Дереккөздер “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 Д. Мадеев, Е. Сапуанов «Атеистің қалта сөздігі» Алматы «Қазақстан» 1988 жыл, 288 бет