Эйса Бопп Фарр Баттерфилд (; 1 сәуір 1997, Ислингтон, Лондон, Англия, Ұлыбритания) — британдық актер. «Мерлин», «Жолақ пижамадағы бала», «Мисс Перегриннің оғаш балаларына арналған үй», «Хьюго» және «Эндер ойыны» атты фильмдерге және 2019 жылдан бастап «Жыныстық Тәрбие» телесериалына қатысуымен танымал.
Мартин Скорсезенің «Хьюго» (2011) драмасындағы Хьюго Кабрет рөлі үшін Баттерфилд едәуір мадаққа ие болды және серпінді орындағаны үшін «Жас Голливуд» сыйлығына ие болды - үздік жас рөлі үшін «Сыншылардың таңдауы» және «Империя» марапатына үміткер болды. Ол Морган Мэтьюстің X+Y (2014) фильмінде Натан Эллис рөлі үшін британдық тәуелсіз фильм сыйлығына ұсынылды. 2019 жылы Баттерфилд Netflix арнасының комедия-драмалық «Жыныстық Тәрбие» сериалында Отис Милбернді ойнай бастады.
Ерте өмірі Эйса Баттерфилд Жаклин Фарр және Сэм Баттерфилд отбасында Лондонда (Ұлыбритания) 1997 жылдың 1 сәуірінде дүниеге келгенhttps://www.theguardian.com/tv-and-radio/2019/dec/28/sex-education-asa-butterfield-feel-more-confident-talking-about-sex.
Туылған кезінде «Максуэлл Торнтон» () деген орта есімдерді алды, алайда кейіннен паспортында туылған кещзінде Ұлыбритания аспанында көрінген Хейл–Бопп кометасының «Бопп» есіміне ауыстырды. Тиісінше, қазір ол «Эйса Бопп Фарр Баттерфилд» есімімен танымал.
Мансап thumb|Баттерфилд 2014 жылы Баттерфилд өз актерлік мансабын мектеп театрында, жеті жасар шағында бастаған. Ал 2006 жылы Эйсаның кинодағы дебюты өтті: ол Саймон Шордың Томастан кейін атты телевизиялық драмасында Эндрю рөлін сомдап шықты.
Екі жылдан кейін Эйса Баттерфилд Марк Херманның Жолақ пижамадағы бала драмасында Бруно атты неміс баласын ойнады, ал кейін осы рөлімен Британдық тәуелсіз кино премиясында «Болашаққа үміт күттіретін жаңа актер» номинациясына қатысып, алайда Дев Пательден жеңіліс табады.
2011 жылы Эйса Мартин Скорсезенің шытырман оқиғалы Хьюго фильмінде түсірілім алаңында серіктес болған Бен Кингсли мен Хлоя Морецпен бірге жұмыс жасап, Хьюго Кабренің рөлін сомдады. Бұл туынды кино талғаушыларымен жағымды қабылданып, әлемдік прокатта да өзін сәтті көрсете алды.
2013 жылы Баттерфилд Гэвин Худтың Эндер ойыны атты ғылыми-фантастикалық фильмінде Эндер Виггин басты рөлін сомдады.
2015 жылы ол Мацек Щербовски мен Крис Лавистің Ақ цирк атты фильмінде басты рөлді ойнап, 2016 жылы Тим Бёртонның Рэнсом Риггздің аттас романы бойынша Мисс Перегриннің оғаш балаларына арналған үйі атты фильмінде басты рөлдердің бірін сомдады.
2017 жылы Арамыздағы кеңістік фильмінде басты рөлді ойнады. 2019 жылдан бастап ол Жыныстық Тәрбие сериалында басты рөлдердің бірін ойнап жүр.
Фильмдер тізімі thumb|Баттерфилд Hollywood Foreign Press Association & InStyle's 2014 TIFF Celebration-да
Фильм ЖылҚазақша атауыТүпнұсқа атауыРөл2007Рэмбоның ұлыSon of RambowАғайындылардың ішінен ұл2008Жолақ пижамадағы балаThe Boy in the Striped PyjamasБруно2010Нэнни Макфи және Биг БенгNanny McPhee and the Big BangНорман ГринҚасқыр адамThe WolfmanЖас Бен Тэлбот2011ХьюгоHugoХьюго Кабрет2013Эндер ойыныEnder's gameЭндер Уиггин2014X+YX+YНатан Эллис2015Он Мың ӘулиеTen Thousand SaintsДжуд Кэффи-Хорн2016Мисс Перегриннің ерекше балаларға арналған үйіMiss Peregrine's Home for Peculiar ChildrenДжейкоб «Джейк» Портман2017Ертеңгі күннің үйіThe House of TomorrowСебастьян ПрендергастСаяхаттың соңыJourney's EndДжимми РолиАрамыздағы кеңістікThe Space Between UsГарднер Эллиот2018Сосын сен келдіңThen Came YouКэлвин ЛьюисУақыт қиындығыTime FreakСтилмэнСоғыс ережесіSlaughterhouse RulezУилоуби Блэйк2019АшкөздікGreedФинн Макриди2022Flux GourmetБилли РубинТаңда немесе өлChoose or DieИсаак
Телевидение ЖылҚазақша атауыТүпнұсқа атауыРөлі2006Томастан кейінAfter ThomasЭндрю2008Күлге күлAshes to AshesДонни2008—2009МерлинMerlinМордред2017Найзағай құстар бара жатырThunderbirds Are GoҒарыштық бақылаушы Конрад (дауыс)2019—қазіргі күнЖыныстық ТәрбиеSex EducationОтис Милберн202050 қорқыныш штаттары50 States of FrightБрэндон Бойд
Марапаттар мен номинациялар Жыл Марапат Санат Жұмыс Нәтиже Дереккөздер2008 Британдық тәуелсіз фильм марапаты Most Promising NewcomerЖолақ пижамадағы бала 2009 National Society for the Prevention of Cruelty to Children Young British Performer of the YearЖолақ пижамадағы бала Жас Әртіс МарапатыBest Performance in an International Feature Film – Leading Young PerformersЖолақ пижамадағы бала2012Critics' Choice Movie AwardsBest Young PerformerХьюго Empire AwardsBest Male NewcomerХьюго Сатурн марапатыBest Performance by a Younger ActorХьюго Жас Әртіс МарапатыBest Performance in a Feature Film – Leading Young Actor Хьюго Young Hollywood AwardsBreakthrough Performance – MaleХьюго2013Critics' Choice Movie AwardsBest Young PerformerЭндер ойыны Washington DC Area Film Critics Association AwardsBest Youth Performance Эндер ойыны 2014Британдық тәуелсіз фильм марапатыBest ActorX+YСатурн марапатыBest Performance by a Younger ActorЭндер ойыны2015National Film AwardsBest ActorX+Y2017Teen Choice AwardsChoice Fantasy Movie ActorМисс Перегриннің ерекше балаларға арналған үйі Choice Sci-Fi Movie ActorАрамыздағы кеңістік 2019Gold Derby TV AwardsBreakthrough Performer of the Year —2020Gold Derby TV AwardsComedy ActorЖыныстық ТәрбиеNewport Beach Film FestivalArtist of DistinctionЖыныстық ТәрбиеNME AwardsBest TV Actor — 2022National Comedy AwardsOutstanding Comedy ActorЖыныстық Тәрбие
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Эйса Баттерфилд Instagram-да Эйса Баттерфилд Twitter-де Эйса Баттерфилд Facebook-те